Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды егерде заңда тiкелей көзделмесе

Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды егерде заңда тiкелей көзделмесе

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды егерде заңда тiкелей көзделмесе

      АК-нің 4-бабына сәйкес азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады. Азаматтық заң құжаттарының заңдық күшi өздерi күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастарға бұл оларда тiкелей көзделген реттерде қолданылады.

     К. сотқа КеАҚ-қа бұйрықтарды заңсыз деп тану және күшін жою, жұмысқа қайта алу, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны ӛндіріп алу және моральдық зиянды ӛтеу туралы талап қоюмен жүгінді. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2020 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен ӛзгеріссіз қалдырылған Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2020 жылғы 6 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды. КеАҚ филиалының К.-ға сӛгіс түрінде тәртіптік жазаны қолдану туралы 2019 жылғы 5 тамыздағы бұйрығы заңсыз деп танылды және күші жойылды. Талап қоюдың қалған бӛлігін қанағаттандырудан бас тартылды. Сот актілерінен анықталғандай, талап қоюшы 2011 жылғы 5 қаңтардағы еңбек шарты негізінде филиал басшысы лауазымына жұмысқа қабылданған. 2012 жылғы 3 қазаннан бастап 2016 жылғы 10 қазанға дейінгі кезеңде тараптар арасында талап қоюшыны ұйым ішінде ауыстыруға байланысты бірқатар қосымша келісімдер жасалды. 2016 жылғы 10 қазандағы бұйрықпен талап қоюшы Саран қалалық бӛлімшесінің басшысы лауазымына ауыстырылды. 2018 жылғы 17 мамырдағы қосымша келісіммен 2011 жылғы 5 қаңтардағы еңбек шарты жаңа редакцияда жазылған. 2019 жылғы 8 қаңтардағы қосымша келісіммен жұмыскер 120 000 теңге лауазымдық айлықақымен уақтылы-сыйлықақы тӛлеміне ауыстырылды. Лауазымдық айлықақысы 120 000 теңге болатын кесімді-сыйлықақы тӛлеміне ауысуына байланысты жұмыскер мен жұмыс беруші арасында 2019 жылғы 27 мамырдағы № 13 қосымша келісім жасалды. 2019 жылғы 5 тамыздағы бұйрықпен талап қоюшы Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған кіріс жоспарын орындамаудан кӛрінетін лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сӛгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2019 жылғы 22 қазандағы бұйрықпен талап қоюшымен еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша Еңбек кодексінің 49-бабының 1) тармақшасына, 50-бабының 3-тармағына және 96-тармағына сәйкес ақы тӛленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күні үшін 50 күнтізбелік күн мӛлшерінде ӛтемақы және 2 лауазымдық жалақы мӛлшерінде ӛтемақы тӛлей отырып бұзылды. Еңбек кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша жұмыс берушінің осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамай, ӛтемақы тӛлемін алумен еңбек шартын бұзу құқығы кӛзделуі мүмкін, оның мӛлшері еңбек шартында айқындалады.

     2019 жылғы 22 қазандағы бұйрыққа сәйкес талап қоюшымен еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша Еңбек кодексінің 49-бабының 1) тармақшасына, 50-бабының 3-тармағына және 96-тармағына сәйкес ақы тӛленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күні үшін 50 күнтізбелік күн мӛлшерінде ӛтемақы және 2 лауазымдық жалақы мӛлшерінде ӛтемақы тӛлене отырып, бұзылды. Негіздеме ретінде 2019 жылғы 20 қыркүйектегі тәртіптік комиссия отырысының хаттамасы және 2019 жылғы 27 мамырдағы № 13 қосымша келісім кӛрсетілген. НҚ-ның 27-тармағына сәйкес егер сот тараптардың келісімі бойынша Еңбек кодексінің 50-бабы 3-тармағында кӛзделген тәртіппен еңбек шарты бұзылған адамды жұмысқа қайта алу туралы дауды қарау кезінде еңбек шартында жұмыскердің келісімі бойынша жұмыс берушінің еңбек шартын жұмыскерге хабарлама жібермей және бұзу күнін нақтыламай, бірақ мӛлшері еңбек шартында айқындалатын ӛтемақы тӛлей отырып бұзу құқығы кӛзделген деген тұжырымға келсе, жұмыскер жұмысқа қайта алынуы мүмкін емес. 2019 жылғы 27 мамырдағы қосымша келісімнің 8.1-тармағының 1) тармақшасында тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу кӛзделген. Қосымша келісімнің 4.1-тармағының 3) тармақшасында жұмыс берушінің еңбек қатынастары шеңберінде 2 лауазымдық жалақы мӛлшерінде ӛтемақы тӛлей отырып, Еңбек кодексінің 50-бабының 3-тармағын қолдану құқығы бекітілген. Кӛрсетілген мән-жайлар кезінде тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану үшін негіздердің жоқтығы туралы соттардың тұжырымдары заңды.

Жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің 50-бабын даулы құқықтық қатынастарға қолдануға қатысты.

АК-нің 4-бабына сәйкес азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады. Азаматтық заң құжаттарының заңдық күшi өздерi күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастарға бұл оларда тiкелей көзделген реттерде қолданылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы № 321-VІ Қазақстан Республикасының Заңында оның күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылатыны айтылмаған.

Өтінішхатта «Құқықтық актілер туралы» Заңның азаматтардың жағдайын жақсартатын нормативтік құқықтық актінің кері күші бар деген 43-бабына жасалған сілтеме негізсіз деп танылды, өйткені осы нормада Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 5) тармақшасының жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. «Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 қаулысында қамтылған түсініктемелерге сәйкес, көрсетілген конституциялық нормаға сәйкес құқық бұзушылықтар үшін азаматтардың заңдық жауапкершілігін реттейтін және жауапкершіліктің жаңа түрлерін белгілейтін немесе оны жаңа санкциялар енгізу жолымен күшейтетін заңдардың кері күші болмайды.

Осыдан «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабындағы «жағдайын жақсартатын» немесе «жағдайын нашарлататын» деген сӛздер құқық бұзушылықтар үшін азаматтардың заңды жауапкершілігін реттейтін заңдарға ғана қолданылатыны және олар реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін тануға негізделген азаматтық заңнамаға қолданылмайтыны туындайды.

Демек, 2020 жылғы 4 мамырдағы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жұмыскермен келісім бойынша жұмыскерге хабарлама жібермей және бұзу күнін нақтыламай, бірақ мөлшері еңбек шартымен айқындалатын өтемақы төлене отырып, жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу құқығы көзделген бұрын жасалған еңбек шарттарының ережелері жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпайды, өйткені бұл шарттар Еңбек кодексінің 50-бабының ескі редакциясының қолданылу кезеңінде тараптардың келісімімен келісілген және еңбек шартында өзінің заңды күшін жойған жоқ.

Еңбек кодексінің 49-бабының 2) тармақшасы тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

Е. ЖШС-ға еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта алу, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіріп алу, еңбек шартының 16.10-тармағын жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

2023 жылғы 31 шілдедегі бұйрықпен талап қоюшымен еңбек шарты үш айлық лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлене отырып, Еңбек кодексінің 49-бабының 1) тармақшасы және еңбек шартының 16.10-тармағы негізінде бұзылды.

Іс бойынша тараптар арасында еңбек шарты 2017 жылғы 6 қаңтарда жасалғаны және 16.10-тармақтың сол кездегі қолданыстағы Еңбек кодексінің 50-бабы 3-тармағының редакциясына сәйкес келетіні анықталды.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс берушіге жұмыскердің келісімінсіз тиісті өтемақы төлеумен еңбек қатынастарын бұзуға мүмкіндік беретін КК-нің 50-бабы 3-тармағының нормасы қолданылғанын, ал талап қоюшы шарт талабын дауламағанын негізге алды.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоя отырып және іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдай отырып, еңбек шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуы және бұзылуы мүмкін деген тұжырымға келді.

Еңбек шарты тоқтатылған сәтте қолданыстағы еңбек заңнамасынан жұмыс берушіге өтемақы төлеумен жұмыскердің келісімінсіз еңбек шартын бұзуға құқық беретін норма алып тасталды.

           ЖС сот алқасы апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жоя және сот шешімін күшінде қалдыра отырып, апелляциялық сатыдағы сот тараптар арасында еңбек шарты өзгерістер енгізілгенге дейін жасалғанын және Еңбек кодексінің 50-бабының 3-тармағын алып тастау фактісі бұрын жасалған еңбек шартының дауланып отырған 16.10-тармағының заңсыздығын куәландыра алмайтынын назарға алмағанын көрсетті.

АК-нің 383-бабына сәйкес шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.

Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген Заң қабылданғанға дейін жасалған еңбек шартында КК-нің 50-бабының 3-тармағының бұрын қолданылған нормаларының болуы және қолданылуы еңбек заңнамасын бұзу болып табылмайды. 

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау 

Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарын қолдану практикасы АПК-нің 148-бабы талап қоюдың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін қамтиды.

АПК-нің 148-бабы 1- тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес, егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, арызда жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Еңбек тәртібінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша дауларды соттар қарайды.

Яғни жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын даулар бойынша келісу комиссиясында дауды алдын ала қарауды сақтау талап етілмейді.

Келісу комиссиясына жүгіну туралы талап еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде кӛзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, оның ішінде әскери қызметте тұратын жұмыскерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.

           Алайда заңның осы талабы бұзылған, жұмыскерлердiң арыздары оған заңды негiздерсiз қайтарылған жағдайлар бар.

К. ЖШС-ға қызметкерлердің штаты қысқартылған кезде жалақыны, өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін, өсімпұл мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 19 тамыздағы ұйғарымымен К. жалақы бойынша берешегі туралы анықтаманы бермеуіне, сондай-ақ келісу комиссиясының шешімі болмауына байланысты талап қоюшы барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылды.

Қайта жүгінгеннен кейін Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі ұйғарымымен арыз дауды сотқа дейін реттеудің сақталмауына байланысты талап қоюшыға тағы да қайтарылды.

Сот арызды қайтара отырып, іс материалдарында талап қоюшының келісу комиссиясына жүгінгені туралы арыздың көшірмесі бар екенін көрсетті. Алайда оны қарау үшін жұмыс берушіге тиісінше тапсырылғанын растайтын құжат және келісу комиссиясының шешімі жоқ.

2022 жылы 14 қазанда талап қоюшы тағы да сотқа жүгінді. Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымымен тараптар арасында медиативтік келісім бекітілді.

Алайда іс материалдарында мемлекеттік еңбек инспекторының хаты бар, оның мазмұнынан анықталғандай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің (ТСОБТ) мәліметтері бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтамасына сәйкес ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген. ЖШС микрокәсіпкерлік субъектісіне жататындықтан, келісу комиссиясында еңбек дауын сотқа дейінгі реттеу тәртібі талап етілмеген.

Орал қаласы № 2 сотының 2022 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымымен Д. ЖШС-ға жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қоюы сотқа жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін бұзғаны үшін талап қоюшыға қайтарылды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 тамыздағы ұйғарымымен 2022 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымның күші жойылып, іс материалдары дауды мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберілді.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қайтара отырып, ЖШС-ның келісу комиссиясына жүгіну қажеттігіне сілтеме жасай отырып, Еңбек кодексінің 159-бабының 1-тармағын басшылыққа алды.

Бұл ретте сот талап қоюшының осы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы және басшысы болып табылатынын, тиісінше келісу комиссиясына жүгіну қажеттігі талап етілмейтінін назарға алмаған.

Бәйтерек ауданы № 2 сотының 2021 жылғы 1 қарашадағы ұйғарымымен У.-дың ЖШС-ға жалақы өндіріп алу туралы талап қоюы талаптардың даусыз болуына және нотариусқа жүгіну арқылы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау қажеттігіне байланысты қайтарылды.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 20 қаңтардағы ұйғарымымен аудандық соттың 2021 жылғы 1 қарашадағы ұйғарымының күші жойылды, іс материалдары дауды мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберілді.

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 92-1-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының талаптарына сәйкес нотариус қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбаны немесе тиісті қаулыны шығарады.

Талап қоюдың мазмұнынан анықталғандай, дау тараптардың арасында еңбек шарты жасалмаған, демек, талап қоюшыға жалақы есептелмеген, оны ӛндіріп алу туралы талап жұмыс уақытын есепке алу табеліне және жолдама парағына негізделген.

Көрсетілген мән-жайлар тараптар арасында талап қоюшының жауапкермен еңбек құқықтық қатынастарын жүзеге асыруына және жалақы бойынша берешегінің болуына байланысты даудың бар екенін куәландырады. Демек, дау сотта қаралуға жатады. 

Соттылық 

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының (бұдан әрі - НҚ) 5-тармағына сәйкес еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптар жауапкердің – заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша немесе дауда жауапкер ретінде болатын жұмыс беруші жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жалпы азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сотқа қойылуға жатады.

АПК-нің 29-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

АПК-нiң 30-бабының үшiншi бӛлiгiнде кӛзделген тәртiппен филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша талап қоюлар берiлген кезде тек заңды тұлғалар ғана жауапкер бола алады. Қорытылатын санаттағы істер бойынша соттылық мәселелері қиындық туғызбайды.

Мысалы, Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға залалды қндіру, үстеме жұмыс үшін ақы төлеу, моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюға қатысты азаматтық іс мәні бойынша қарау үшін соттылығы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына берілді.

Соттың ұйғарымы дұрыс, өйткені жауапкер - заңды тұлға Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі мекенжайында орналасқан және тіркелген, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша сотқа берілуге тиіс.

Бұдан басқа, соттардың назарын Еңбек кодексінің 19-бабының талаптарына аудару қажет деп есептеймін, оған сәйкес шетелдік заңды тұлға филиалының немесе ӛкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.

Демек, қызметкер филиал басшысының заңды тұлғаның мүдделерін білдіру құқығын алдын ала тексеріп, шетелдік заңды тұлға филиалының орналасқан жері бойынша талап қоюмен жүгінуге құқылы.

Жұмыс беруші оңалтылған не банкрот болған жағдайда еңбек дауларының соттылығын айқындау мәселесі

Сонымен АПК-нің 35-бабы сегізінші бӛлігінің ережелеріне сәйкес оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы АПК-нің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті ӛндіріп алу туралы істерді қарайды.

Ақтөбе қалалық сотының 2021 жылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға жұмыстан шеттету, шығару туралы, жұмысқа қайта алу, үстеме жұмыс үшін жалақыны өндіріп алу туралы, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру, өсімпұлды, моральдық зиянды өндіру туралы бұйрықтардың күшін жою туралы талап қоюы осы соттың соттылығына жатпайтындықтан, КК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы негізінде қайтарылған.

Сот талап қоюды қайтара отырып, Ақтөбе облысы МАЭС-тің шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі қолданылғанын, осыған байланысты АПК-нің 35-бабының 8-бөлігіне сәйкес іс экономикалық соттың қарауына жататынын көрсетті.

Заңды күшіне енген Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2016 жылғы 14 қазандағы шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі іс жүзінде қолданылған.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 5, 7) тармақшаларының ережелеріне сәйкес сот борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды, сондай-ақ оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер.

Тараптар арасындағы дау еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтыны, еңбек заңнамасының нормаларына және еңбек шарттарының талаптарына негізделгені және оңалту рәсімін жүзеге асырумен байланысты еместігі анықталды.

Сот АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелерін дұрыс қолданбағандықтан, сот алқасының 2021 жылғы 12 наурыздағы ұйғарымымен мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға бере отырып, сот ұйғарымының күші жойылды.

Жұмыс беруші банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған жағдайда еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар (жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу және т.б. туралы) жалпы юрисдикция соттарында қаралуға және шешілуге жатады, АПК-нің 35-бабының сегізінші бөлігі ережелерінің нормалары еңбек дауларына қолданылмайды. 

Мемлекеттік баж 

           СК-нің 610-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

СК-нің 951-бабы 1-тармағының талаптары негізінде моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы.

АПК-нің 149-бабының талаптарына сәйкес, талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

СК-нің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес соттарда талап қоюшылар еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот АПК-нің 117-бабына сәйкес мемлекет кірісіне мемлекеттік бажды оны төлеуден босатылмаған жауапкерден ӛндіріп алуға міндетті.

Соттардың АПК-нің 149-бабы 1-бӛлігінің 2) тармақшасын бұза отырып, мемлекеттік баж төленбеген талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған жекелеген жағдайлары анықталды.

Іс материалдарынан анықталғандай, А. ЖШС-ға жалақыны, бос тұрып қалғаны үшін өтемақыны, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күшінде қалдырылған Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен ЖШС-дан А.-ның пайдасына жалақыны өндіру бойынша берешекті, тұрақсыздық айыбын, моральдық зиян өтемақысын, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары өндірілді.

ЖШС-ға 2021 жылғы 22 маусымнан бастап 2021 жылғы тамызға дейін А.-ның еңбек қызметінің кезеңіне зейнетақы аударымдары мен басқа да міндетті төлемдерді жүргізу міндеті жүктелді. 

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері 

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері (Еңбек кодексінің 160-бабы)

Келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі келісу комиссиясына табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша жүгінген кезде не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамаған кезде келісу комиссиясы шешімінің кӛшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап екі ай;

2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Жүгінудің белгіленген мерзімі дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда келісу комиссиясы еңбек даулары бойынша келісу комиссиясына жүгіну мерзімін қайта бастай алады және дауды мәні бойынша шеше алады.

Келісу комиссиясы жұмыскердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскердің белгіленген мерзімдерде келісу комиссиясына жүгінбеу себептері дәлелді себептерге жататындығын не жатпайтындығын дербес айқындайды.

Еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісу комиссиясына жүгінбей, сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап үш ай; басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

Жоғарыда келтірілген заң нормаларынан анықталғандай, жұмыскерлердің жекелеген санаттарын қоспағанда, еңбек шартының  тараптары арасындағы жеке еңбек дауларын қарау бойынша дауды сотқа дейін реттеу, атап айтқанда келісу комиссиясына және реттелмеген мәселе бойынша жүгінген кезде шешімнің көшірмесін алғаннан кейін ғана не оның шешімін еңбек шартының тарапы орындамаған кезде - сотқа жүгінудің тәртібі белгіленген.

Бұл ретте келісу комиссиясы болмаған жағдайда жүгіну мерзімінің өтуі ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады, бұл жеке еңбек дауын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуіне әкеп соқпайды.

Еңбек кодексінің 159- бабының 3-тармағына сәйкес келісу комиссиясын қалыптастыру тәртібі және оның қызметі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде не ұжымдық шартта айқындалады.

М. №1 ЖШС-ға, №2 ЖШС-ға жұмыстан шығару, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу, міндетті зейнетақы жарналарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды аударуды міндеттеу туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан толық кӛлемде бас тартылды.

Бірінші сатыдағы сот М. 2020 жылғы 13 мамырдағы еңбек шарттарының негізінде №1 ЖШС-ға және №2 ЖШС-ға жабдықтаушы болып жұмысқа қабылданғанын кӛрсетіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Талап қоюды жұмыстан шығару туралы бұйрықтар оның арыздары негізінде шығарылған. 2020 жылғы 14 шілдедегі актіге сәйкес М. бұйрықпен танысудан бас тартты.

Сотта талап қоюшының өкілі жұмыстан шығару туралы арызды М.-нің жазғанын растады, Жұмыстан шығарылғаннан кейін жұмыс беруші онымен толық есеп айырысты.

Сот отырысында жауапкердің өкілі талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхат мәлімдеді, өйткені талап қою жұмыстан шығарылған кезден бастап бір жылдан астам уақыт өткен соң берілген.

Талап қоюшы жұмыстан шығару туралы бұйрықтарға дау айту туралы сотқа 2021 жылғы 16 қыркүйекте жүгінген, ал жұмыстан шығару туралы бұйрық 2020 жылғы 13 шілдеде шығарылған.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 5 наурыздағы №1 ЖШС-ның және №2 ЖШС-ның талап қоюшыны жабдықтаушы лауазымынан шығару туралы бұйрықтары заңсыз деп танылып, жауапкерлерден жалақы бойынша берешек ӛндірілді.

Бірінші сатыдағы соттың іс бойынша шешімін өзгерте отырып, сот алқасы талап қоюшының сотқа жалақыны өндіріп алу туралы талап қоюмен, кейіннен бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы талаппен жүгінгенін, бұл туралы Қордай аудандық сотының 2021 жылғы 18 мамырдағы, 2021 жылғы 1 шілдедегі сот актілері бар екенін көрсетті.

Осыған байланысты талап қоюшы ескіру мерзімін өткізіп алмаған. Талап қоюшы талаптарын бір жылдық мерзім шегінде мәлімдеген.

Жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың заңсыз деп танылуына байланысты жалақыны өндiрiп алу туралы талаптар қанағаттандыруға жатады.

10 2020 жылғы 14 шілдедегі актіге сәйкес М. жұмыстан шығару туралы бұйрықтармен танысты, бірақ актіге қол қоюдан бас тартты.

Сот актілерінен анықталғандай, М. жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен 2021 жылдың наурызында сотқа жүгінген.

Соттың 2021 жылғы 18 мамырдағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Алайда ол 2021 жылғы 16 қыркүйекте, яғни бұйрықтар шығарылған сәттен бастап 1 жыл 2 ай өткен соң жұмыстан шығару туралы бұйрықтарға дау айту туралы сотқа жүгінген.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімінің өткізіп алуының дәлелді екенін куәландыратын жеткілікті және нанымды дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың сот актісінің күшін жою туралы тұжырымдары заңсыз.

АК-нің 179-бабының 2-тармағына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады.

           Сот талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, талап қоюды қарауға қабылдауға міндетті.

Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты бас тартуға немесе арызды қайтаруға жол берілмейді.

Талап қоюдың ескіру мерзімдерінің сақталуы не олардың аяқталуы, сотқа жүгіну мерзімінің өтіп кетуінің дәлелді себептерінің болуы дауды қарау кезінде тексерілуге тиіс.

Шешім шығарылғанға дейін талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану туралы арыз болмаған кезде дау мәні бойынша шешіледі.

Мысалы, талап қоюшы С. Мекемеге жұмысқа қайта алу және бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы № 2 аудандық сотының 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімімен жауапкердің арызы негізінде ескіру мерзімінің өтуіне байланысты талап қоюдан қанағаттандырудан негізді түрде бас тартылды.

Сот өз тұжырымында талап қоюшының 2021 жылғы 27 қазанда сотқа талап қоюмен жүгінгенін, ал шартты бұзу туралы бұйрық 2020 жылғы 11 маусымда шығарылғанын уәж келтіреді.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелді екеніне жеткілікті және нанымды дәлелдемелер ұсынбаған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. 

Нормативтік база Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер 

·       Қазақстан Республикасының Конституциясы; 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

·       1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - АК);

·       2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

·       2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Еңбек кодексі);

·       2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (бұдан әрі - СК);

·       2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексі;

·       «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі;

·       «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының:

·       «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9;

·       «Соттардың моральдық зиянды ӛтеу жӛніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7;

·       «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5;

·       «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулылары.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы