Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 191-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 мамырда № 38769 болып тіркелді

   "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік (қызмет көрсету) қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

      Қағидалардың 7-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) келтірілген мемлекеттік қы зметті көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.

      Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтініштерді ресімдеу Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының (бұдан әрі – Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидалары) 1-қосымшасына сәйкес Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар беруге арналған өтінішті ресімдеу және осындай лицензияларды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықпен регламенттеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжатты портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      Қағидалардың 10-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "10. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған уәжді бас тартуды (бұдан әрі – уәжді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "цифрлық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      Қағидалардың 13-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";

      Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "

 

Жүктеу

4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдеріБарлық түрлері бойынша: "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы

 

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "

 

Жүктеу

6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаныБарлық түрлері бойынша: электрондық (ішінара цифрландырылған).

 

      ";

      реттік нөмірлері 8, 9, 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "

 

Жүктеу

8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріЖекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру кезінде 10 (он) айлық есептік көрсеткіш. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлем "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін
9Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін. Сағат 16.00-ден кейін келіп түскен өтініштерді тіркеу мынадай жұмыс күні жүзеге асырылады;2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі1) "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер;3) көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) (цифрлық жүйелерден алынатын құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда).Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
11Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;2) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;3) көрсетілетін қызметті алушы лицензиялық алым енгізбеген;4) көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келмейді (цифрлық жүйелерден алынатын құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда);5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;6) сотпен сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы – борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады;7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.8) лицензия беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;9) іске асыру үшін лицензия сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін бұзу;10) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларында (бұдан әрі – Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидалары) көзделген лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынбау;11) Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларында көзделген өзге де негіздер.

 

      ".

 

Қазақстан РеспубликасыЭнергетика министріЕ. Аккенженов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңЖасанды интеллект және цифрлықдаму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңСауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрлігіҚазақстан Республикасы

 

 Энергетика министрі2026 жылғы 19 мамырдағы№ 191-н/қ бұйрығыменбекітілген

 

"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда "жекелеген көмір түрлері" деп оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспортты және (немесе) импортты лицензиялау енгізілген көмір түрлері, сондай-ақ "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысымен бекітілген көмір түрлері түсініледі.

      3. Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Лицензия Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша жіктелетін, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға беріледі.

      5. Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданылуы басталған күннен бастап 1 (бір) жылдан аспайды. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

      Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі әрбір нақты жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленеді.

      6. Лицензияны беру (ресімдеу) үшін ұсынылған құжаттар (мәліметтер), сондай-ақ лицензияның орындалғанын растайтын құжаттар лицензияның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде не лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап көрсетілетін қызметті берушіде сақталуға тиіс.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жойылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.

      Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтініштерді ресімдеу Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының (бұдан әрі – Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидалары) 1-қосымшасына сәйкес Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар беруге арналған өтінішті ресімдеу және осындай лицензияларды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықпен регламенттеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік қызметті қараудың және оны көрсетудің жалпы мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында келтірілген.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған уәжді бас тартуды (бұдан әрі – уәжді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушы жекелеген көмір түрлерінің импортына лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы жекелеген көмір түрлерінің экспортына лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензия алу алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған лицензияны, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензияны ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартады.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      14. Берілген (ресімделген) лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы өзгерістерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 24-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 23-тармағына сәйкес егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш иесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) туралы мәліметтер өзгертілген жағдайда жеке кәсіпкер ретінде, өтініш иесі (өкіл) берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы және жаңа лицензияны ресімдеу туралы өтінішпен және көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, сондай-ақ кеден органы берген лицензияның орындалуы туралы анықтаманы қоса бере отырып жүгінуге міндетті.

      Бас немесе айрықша лицензияның иесі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (қолданысы тоқтатылғанға дейін) көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның орындалу барысы туралы есеп беруге міндетті.

      Біржолғы лицензияның иесі лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына №3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.

      Лицензияның орындалу барысы туралы есепті және лицензияның орындалуы туралы анықтаманы электрондық құжат нысанында беруге жол беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің талаптарын толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса немесе іс-әрекет жасаса, шағымды жоғары тұрған әкімшілік органға жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      16. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

 

 "Жекелеген көмір түрлерініңэкспортына және (немесе)импортына лицензия беру"мемлекеттік қызметкөрсету қағидаларына1-қосымша

 

 

Жүктеу

"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру".

2

Мемлекеттік қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы1) "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына лицензия беру;2) "Жекелеген көмір түрлерінің импортына лицензия беру;3) "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензия беру.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдеріБарлық кіші түрлері бойынша: "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына лицензия беру кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде."Жекелеген көмір түрлерінің импортына лицензия беру кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде."Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензия беру кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаныБарлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесіЖекелеген көмір түрлерінің экспортына лицензияЖекелеген көмір түрлерінің импортына лицензияЖекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензияМемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріЖекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру кезінде – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін. Сағат 16.00-ден кейін келіп түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі1) Жекелеген көмір түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тізбесіне қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер;3) көрсетілетін қызметті берушінің "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелді) белгіленген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы құжаттар (ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда).Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы,"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

11

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;2) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;3) көрсетілетін қызметті алушы лицензиялық алым енгізбеген;4) көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келмейді (ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда);5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;6) сотпен сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы – борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады;7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.8) лицензия беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;9) іске асыру үшін лицензия сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін бұзу;10) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларында (бұдан әрі – Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидалары) көзделген лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынбау;11) Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларында көзделген өзге де негіздер.

12

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптарКөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:1) көрсетілетін қызметті беруші - https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb?lang=ru. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;2) портал - www.egov.kz. орналастырылды.

 

 

 "Жекелеген көмір түрлерініңэкспортына және (немесе)импортына лицензия беру"мемлекеттік қызметкөрсету тізбесінеқосымша

 

      Нысан

Жекелеген көмір түрлерінің экспортына немесе импортына лицензия беруге арналғанӨТІНІШ

 

Жүктеу

1. Өтініш 2. Қолданылу кезеңі
3. Лицензия түріЭКСПОРТ немесе ИМПОРТ4. № келісімшарт
5. Өтініш беруші |6. Сатып алушы
7. Жеткізілетін ел |8. Сатып алушы ел |
9. Келісімшарт валютасы |10. Құны11. Статистикалық құны
12. Шығарушы ел |13. Саны14. Өлшем бірлігі
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |
16. Қосымша ақпарат
17. Лицензия беру үшін негіздеме18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы

 

      нысан

Жекелеген көмір түрлерінің экспортына немесе импортына лицензия беруге арналған өтінішкеҚОСЫМША

 

Жүктеу

өтінішке қосымша
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауар сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
Парақ саны № парақКөрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы

 

 

 "Жекелеген көмір түрлерініңэкспортына және (немесе)импортына лицензия беру"мемлекеттік қызметкөрсету қағидаларына
 2-қосымша

 

      Нысан

 

Жүктеу

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіКомитет государственного энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан
   
Астана қаласы город Астана
   
Нөмірі: [құжат нөмірі] Берілген күні: [берілген күні] жылы
   
  [Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі /жеке сәйкестендіру нөмірі]
   
   
УӘЖДІ БАС ТАРТУ
 
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Сіздің жылғы [Күні] № [Кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.[Бас тарту негіздемесі]
   
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Тегі, Аты, Әкесінің аты [бар болса]

 

 

 "Жекелеген көмір түрлерініңэкспортына және (немесе)импортына лицензия беру"мемлекеттік қызметкөрсету қағидаларына3-қосымша

 

      Нысан

Жекелеген көмір түрлерінің экспортына лицензия

 

Жүктеу

Уәкілетті орган
1. № лицензия2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА ЖЖЖЖ.КК.АА дейін |
3. Лицензия түрі/ ЭКСПОРТ4. № келісімшарт
5. Өтініш беруші |6. Сатып алушы
7. Жеткізілетін ел |8. Сатып алушы ел |
9. Келісімшарт валютасы |10. Құны11. Статистикалық құны
12. Шығарушы ел |13. Саны14. Өлшем бірлігі
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |
16. Қосымша ақпарат
17. Лицензия беру үшін негіздеме18. Уәкілетті адам

 

      Нысан

Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған лицензияға қосымша

 

Жүктеу

Уәкілетті орган
№ лицензияға қосымша
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
Парақ саны № парақ18. Уәкілетті адам

 

 

 "Жекелеген көмір түрлерініңэкспортына және (немесе)импортына лицензия беру"мемлекеттік қызметкөрсету қағидаларына
 4-қосымша

 

      Нысан

Жекелеген көмір түрлерінің импортына лицензия

 

Жүктеу

Уәкілетті орган
1. № лицензия2. Қолданылау кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА ЖЖЖЖ.КК.АА дейін
3. Лицензия түрі| ИМПОРТ4. № келісімшарт
5. Өтініш беруші |6. Сатушы
7. Жеткізуші ел |8. Сатушы ел |
9. Келісімшарт валютасы |10. Құны11. Статистикалық құны
12. Шығарушы ел |13. Саны14. Өлшем бірлігі
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |
16. Қосымша ақпарат
17. Лицензия беру үшін негіздеме18. Уәкілетті адам

 

      Нысан

Жекелеген көмір түрлерінің импортына арналған лицензияға қосымша

 

Жүктеу

Уәкілетті орган
№ лицензияға қосымша
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
құны
р/с №Тауардың сипаттамасысаныөлшем бірлігі
 
Парақ саны № парақ18. Уәкілетті адам

 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау