265-бап. Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Кен іздеушілікке арналған лицензияны алуға мүдделі тұлға облыстың жергілікті атқарушы органына пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
2. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесін айқындайтын, бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары бар және жалпы алаңы көрсетілген масштабтағы кен іздеушілік аумағына нұсқау.
3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын құжат;
4) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
5) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
6) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.
4. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
5. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс.
6. Өтінішті беру кезі облыстың жергілікті атқарушы органына өтініш келіп түскен күнмен және уақытпен айқындалады және есепке алуға жатады.
7. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады және:
1) өтініш иесінің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесі аумағының координаттарын;
3) өтініш келіп түскен күн мен уақытты қамтиды.
8. Облыстың жергілікті атқарушы органы өтінішті келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды және лицензияны береді не оны беруден бас тартады.
9. Кен іздеушілікке арналған лицензияны алған тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде қол қою бонусын төлеуге міндетті.
10. Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы