Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығы.

Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:

      1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ.Тоқаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2023 жылғы 8 желтоқсандағы№ 409 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағыІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

Жүктеу

12345
Іс-шараның атауыАяқталу нысаныІске асыру мерзімдеріЖауапты орындаушылар
1. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету
1.Әкімнің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі лауазымын, оның ішінде азаматтық қоғам, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық қатарынан құруПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
2.Үкіметтің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қабылдауҮкімет қаулысы2024 жылғы тамызҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
3.БҰҰ, ЕҚЫҰ органдары мен институттарын ықтимал тарта отырып, әйелдердің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің, саяси партиялар өкілдерінің және азаматтық белсенділердің біліктілігін арттыру мақсатында олар үшін семинар-тренингтер өткізутренингтер2024–2025 жылдарҮкімет
2. Бала құқықтары
4.Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту және олардың күш-жігерін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен біріктіру Заң жобасы2024 жылҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
5.Мыналарды:1) ауыл шаруашылығында, құрылыста және қызмет көрсету саласында балалар еңбегін заңсыз пайдалануды анықтау туралы кешенді деректер алуды;2) көшпелі және жоспардан тыс тексерулер жүргізу, сондай-ақ еңбек инспекциясының жүйесін нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтитын зерттеулер жүргізуПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2025 жылҮкімет
3. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою
6.Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға әлеуметтік-психологиялық түзету практикасын енгізуЗаң жобасы2025 жылғы наурызҮкімет
7.Аудан орталықтарында және шалғайдағы елді мекендерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс істейтін мамандандырылған (дағдарыстық) орталықтардың санын көбейтуәкімдіктермен меморандумдар жасасу2024–2025 жылдарҮкімет
8.Әйелдерге, қыздарға және басқа да осал топтарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты профилактикалық іс-шараларға тарту мақсатында отбасын қолдау орталықтарының әлеуетін нығайтуәкімдіктермен меморандумдар жасасу2024–2025 жылдарҮкімет
9.Әкімдіктердің даму жоспарларына әйелдер мен балаларды қоса алғанда, жеке адамға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарының профилактикасы жөніндегі нысаналы индикаторларды енгізуПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылғы желтоқсанҮкімет, СЖРА
10.Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық заңнаманы қатаңдатуЗаң жобасы2024 жылғы қаңтарҮкімет
11.ІІМ-де қызметкер әйелдерді барынша көбірек тарта отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшені құрубұйрық2024 жылҮкімет
12.Шағымдарды беру мен қараудың тиімді рәсімдерін, құқықтық қорғау құралдары мен санкцияларды көздей отырып, халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес "жұмыс орнындағы жыныстық қудалау" ұғымын айқындауды қамтитын еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіруЗаң жобасы2024 жылғы сәуірҮкімет
13."Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 935 қаулысын жаңартуҮкімет қаулысы2024 жылғы маусымҮкімет
4. Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгездікпен қараудың алдын алу саласындағы адам құқықтары
14.Халықаралық ұйымдар мен бизнесті тартып, еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандарды кәсіптік даярлау курстарын жаңартуоқу бағдарламаларын және әдістемелерін жаңарту2024–2025 жылдарҮкімет, "Атамекен" ҰКП
15.Халықаралық ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі шеберханалардың материалдық-техникалық базасын жаңартупилоттық жобалар2024 жылҮкімет
16.Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға қатысатын шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау шараларын заңнамалық деңгейде енгізуЗаң жобасы2025 жылғы желтоқсанҮкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
17.БҰҰ, ЕҚЫҰ органдары мен институттарын ықтимал тарта отырып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтендіру бойынша пилоттық жобаларды әзірлеу және енгізупилоттық жобалар2024–2025 жылдарҮкімет
18.Азаматтардың жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініштерін қарау бойынша функцияларды алқабилер қатысатын сотқа беру жөніндегі пилоттық жобаны әзірлеу және енгізуЗаң жобасы2025 жылҮкімет, БП, СӘ
19.Жаңартылған Ыстамбұл хаттамасының ұсынымдарына толық сәйкес болу үшін нормативтік құқықтық актілерге сот-медициналық және сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар жүргізу мәселелері бойынша түзетулер енгізубұйрықтар2024 жылҮкімет
20.Сот-медициналық және сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалардың әдістемесін жаңартылған Ыстамбұл хаттамасының ұсынымдарына сәйкес келтіруПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылғы қарашаҮкімет
21.Жаңартылған Ыстамбұл хаттамасы мен БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкес азаптау және қатыгездікпен қарау құрбандарына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ оларды оңалту тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстар2024 жылғы маусымСӘ, БП, Үкімет
22.ЕҚЫҰ-ны, БҰҰ-ны және өзге де халықаралық ұйымдарды әріптестікке ықтимал шақыра отырып, құқықтық көмек көрсету кезіндегі біліктілігін арттыру мақсатында адвокаттар мен заң консультанттары үшін семинар-тренингтер өткізутренингтер2024–2025 жылдарҮкімет, СӘ
23.ҚР Қылмыстық кодекстің мына баптарына түсініктемелер дайындау:50-бап "Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру";131-бап "Қорлау";145-бап "Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу";405-бап "Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу"ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктемелер2024 жылғы маусымБП, СӘ, Үкімет
24.Кемсітушілікке қарсы заңнама және Нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс тобын құру және/немесе Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта кемсітушіліктің барлық нысандарын жою мәселелері жөніндегі жеке құрылымдық бөлімшені құруПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылғы наурызҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
5. Бірлесу бостандығы құқығы
25.Ведомстволық академияларды тарта отырып, коммуникация негіздері, көпшілік психологиясы, сындарлы диалог құрудың практикалық дағдылары бойынша жаттықтырушылар пулы үшін модульдер әзірлеуоқу бағдарламаларының модульдерін енгізу2024 жылҮкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша)
26.Қоғамдық тәртіпті сақтаудың және тәртіпті бұзуға ден қоюдың ең үздік практикаларын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуәдістемелік ұсынымдар2024 жылғы желтоқсанҮкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша)
27.ЕҚЫҰ, БҰҰ сарапшыларын ықтимал тарта отырып, "Азаматтық белсенділермен тиімді коммуникациялар және ынтымақтастық" тақырыбында семинар-тренингтер өткізутренингтер2024–2025 жылдарҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
28.Бейбіт жиналыстар өткізуге байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстар2024 жылғы желтоқсанҮкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша)
29."Диалогты полиция" моделін енгізу арқылы бейбіт жиналыстар кезінде мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы сындарлы және инклюзивті өзара іс-қимыл мақсатында құқық қорғау органдары мен арнаулы органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қызметкерлерін оқытутренингтер2024–2025 жылдарҮкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша)
30.БҰҰ АҚЖКБ әзірлеген индикаторлардың негізінде наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын енгізу Президент Әкімшілігіне ақпарат2025 жылғынаурызҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша), СЖРА
31.БҰҰ және ЕҚЫҰ институттарын ықтимал тарта отырып, діни сенім бостандығы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша мемлекеттік органдар үшін тренинг-семинарлар өткізутренингтер2024–2025 жылдарҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
32.СІМ жанындағы "Адами өлшем бойынша диалогтық алаң" консультативтік-кеңесші органының қызметін жетілдіру:1) мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен тақырыптық кіші топтар құру;2) ұсынымдар мен тиісті жоспарларды қалыптастыру;3) азаматтық қоғаммен бірлескен жобаларды іске асыруПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылғы қарашаҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
33.БҰҰ және ЕҚЫҰ институттарын ықтимал тарта отырып, Президенттің "Адал азамат" (жауапты азамат) тұжырымдамасы шеңберінде халықтың құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін түсіндіре отырып, оларды құқықтық ағарту Президент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылғы маусымҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
6. Мигранттарға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары
34.Бала медициналық мекемелерден тыс жерде туған жағдайда туу фактісін тіркеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылғы қазанҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)
35.ЕХӘҚМ, ҰҚК және ІІМ арасында босқындардың құқықтық мәртебесі мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасумеморандум2024 жылғы қарашаҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша), ҰҚК
7. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты адам құқықтары
36.Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдауҮкімет қаулысы2024 жылғы желтоқсанҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша), БП
8. Еңбек етуге, еңбекті қорғауға және кәсіподақтың қызметіне құқық
37.Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз еңбектің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдауҮкімет қаулысы2024 жылҮкімет
38.Қауіпсіз еңбек саласындағы заңнаманың талаптарын күшейтуЗаң жобасы2024 жылҮкімет
39.Еңбек заңнамасын қолдану бойынша біліктілігін арттыру мақсатында кәсіподақтардың өкілдері мен жұмыс берушілер үшін семинар-тренингтерді ұйымдастыру және өткізутренингтер2024–2025 жылдарҮкімет
40."Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы" Халықаралық еңбек ұйымының № 176 конвенциясын ратификациялау туралы ұсынысты қарауПрезидент Әкімшілігіне ақпарат2024 жылғы желтоқсанҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша), БП
9. Кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтары
41.БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуҚР Үкіметі жанынан жұмыс тобын құру2024 жылҮкімет, АҚҰО (келісім бойынша)

 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

Жүктеу

АҚҰОҚазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
АҚЖКББҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссардың басқармасы
"Атамекен" ҰКП"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
БПҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
БҰҰБіріккен Ұлттар Ұйымы
ЕҚЫҰЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
ЕХӘҚМЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
СЖРАҚазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
СӘСІМ––Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҰҚҚҚазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы