150-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тергеу изоляторына жеткізу жердiң шалғайлығына немесе тиiстi қатынас жолдарының болмауы немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу немесе iстi сотта қарау қажеттігі салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда, мұндай адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор не тергеу судьясы не сот бекіткен қаулысымен отыз тәулiкке дейiн – уақытша ұстау изоляторларында, ал әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталуы мүмкін.
Мұндай адамдарды күзетпен ұстаудың тәртiбi мен жағдайлары заңнамада айқындалады.
2. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны тергеу әрекеттерін жүргiзу үшiн бiр тергеу изоляторынан екінші бір тергеу изоляторына ауыстыру (этаппен апару) прокурордың қаулысы бойынша не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор бекіткен қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы