⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 153-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары қабылдайтын шаралар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

153-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары қабылдайтын шаралар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

153-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары қабылдайтын шаралар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

 

       1-тармақтың бірінші бөлігі "(лауазымды адамдары)" деген сөздерден кейін "осы баптың 1-1 және 1-2-тармақтарында белгіленген ережелерді ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын; 

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: 

      "1-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қабылданған кезде мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) прокурорды хабардар етеді. 

      1-2. Прокурормен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мынадай: 

      субъектінің (объектінің не оның жекелеген учаскесінің) қызметін, әрекетті, процесті тоқтата тұру; 

       рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу);  

      рұқсатты беруден не оның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту; 

      мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, квазимемлекеттік сектор ұйымының бұрын инвестордың пайдасына шығарылған шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу); 

      мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзуы мәселелері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдайды. 

      Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды прокурордың келісімінсіз қабылдауға құқылы емес. 

      Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторды прокурормен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді. 

      Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы