⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      Соттың құзырына үкiмдi орындауға байланысты:

      1) мынадай:

      айыппұлды – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы);

      түзеу жұмыстарын – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы);

      қоғамдық жұмыстарға тартуды – қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабы);

      бас бостандығын шектеуді – бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы) ауыстыру туралы;

      2) айыппұл төлеуді кейінге қалдыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы), еңбекке қабілеттілігін толық жоғалтқан кезде түзеу жұмыстарының қалған бөлігін орындаудан босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы) туралы;

      3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты iздестiру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;

      4) бас бостандығынан айыруға сотталған адамға үкім бойынша не үкімді орындау кезінде шығарылған сот қаулысы бойынша тағайындалған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес өзгерту туралы;

      5) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-бабы) туралы;

      5-1) кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 85-бабының бесінші бөлігі) туралы;

      6) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшін жою (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының жетінші бөлiгi) туралы;

      7) ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабы) туралы, сондай-ақ жазаны әрі қарай орындау үшін, оның ішінде сауығып кетуіне байланысты сотталған адамды жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейiнге қалдыру туралы қаулылардың күшін жою туралы;

      8) шартты түрде соттаудың күшін жою немесе пробациялық бақылаудың мерзімін ұзарту туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабы);

      9) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 44-бабы);

      10) жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы);

      11) соттың айыптау үкiмiнің ескіру мерзiмiнің өтіп кетуіне байланысты жазаны өтеуден босату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабы);

      12) басқа да орындалмаған үкiмдер болған кезде, егер бұл уақыты жағынан соңғы үкiмде шешiлмесе, үкiмдi орындау туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының алтыншы бөлігі, 60-бабы);

      13) күзетпен ұсталған, сондай-ақ емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 629798-баптары);

      14) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93, 96, 98-баптары);

      14-1) жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту туралы;

      15) керi күшi бар не жасалған іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын қылмыстық заңның шығуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының сот үкім шығарған кезде қолданған заңды немесе өзге нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануы, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы салдарынан жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету, сотталған адам жасаған іс-әрекеттің саралануын өзгерту, жазалау мерзімін қысқарту, қылмыстың қайталануы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 6-бабы) туралы;

      16) түзеу жұмыстарына сотталған адамның жалақысынан ұсталатын соманың мөлшерiн Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес төмендету туралы;

      17) үкiмдi орындау кезiнде туындаған кез келген түрдегі күмәндар мен түсiнiксiз жайттарды түсіндіру туралы;

      18) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы;

      19) сотталғандардың үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері адамдарының, прокурордың әрекеттеріне және шешімдеріне шағымдарын қарау туралы;

      20) сотталғандықты алып тастау туралы;

      21) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарда психикалық ауытқулардың және сексуалдық зорлық-зомбылық жасауға бейімділіктің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін оларға қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы;

      22) мүлікті тыйым салудан босату туралы;

      23) тағдырын сот шешпеген заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қоюды шешу кезінде техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы;

      24) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселелерді қарау жатады.

      Ескерту. 476-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 486. Лица, имеющие право ходатайствовать о пересмотре в порядке судебного надзора вступивших в законную силу приговоров и постановлений судов, опротестовать вступившие в законную силу приговоры и постановления судов Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 486. Лица, имеющие право ходатайствовать о пересмотре в порядке судебного надзора вступивших в законную силу приговоров и постановлений судов, опротестоват...

Толық оқу »

486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 486...

Толық оқу »

446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (в...

Толық оқу »

Комментарий к статье 446. Повторное рассмотрение дела в апелляционной инстанции Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 446. Повторное рассмотрение дела в апелляционной инстанцииУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Повторное рассмотрение дела в апелляцио...

Толық оқу »

484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған...

Толық оқу »

Комментарий к статье 485. Основания к пересмотру в порядке судебного надзора судебных приговоров и постановлений, вступивших в законную силу Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 485. Основания к пересмотру в порядке судебного надзора судебных приговоров и постановлений, вступивших в законную силуУголовно-процессуального кодекса Рес...

Толық оқу »

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодек...

Толық оқу »

490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот актісін қайта қа...

Толық оқу »

494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 494-баптың тақ...

Толық оқу »

О применении законодательства, регламентирующего рассмотрение уголовных дел в кассационном порядке

О применении законодательства, регламентирующего рассмотрение уголовных дел в кассационном порядке Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 10 марта...

Толық оқу »