Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралы

Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралы

 ҚПК-нің 480-бабының 7-бөлігіне сәйкес сот қарау нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру туралы; оны қанағаттандырудан бас тарту туралы; ЖЖА туралы шешім қабылдай отырып, ШМБ туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Айтылғандармен қатар, «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ-нің 3-тармағына сәйкес, егер материалдарда өтінішхатты қарау үшін жеткілікті деректер болмаса және сот отырысында оларды толықтыру мүмкін болмаса, сот өтінішхатты тиісті ресімдеу үшін қайтаруға да құқылы.

Сонымен қатар соттар өтінішхаттарды негізсіз қайтару фактілеріне жол береді, сол арқылы сотталғандардың құқықтарын бұзады және әуре-сарсаңға салады.

Мысалы, Алматы қалалық соты Түрксіб аудандық сотының 2023 жылғы 18 наурыздағы сотталған Б. ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару туралы қаулысының күшін жойды.

Апелляциялық саты сот Б. өтінішхатын тіпті мекемеден материалдарды талап ету және оларды сот отырысында зерттеу шараларын қолданбай-ақ қайтарғанын атап өтті.

Бірқатар жағдайларда соттар сотталғандардан оларда жоқ мәліметтерді ұсынуды талап етті.

Мәселен, Қостанай облыстық соты Қостанай қаласы №2 сотының Д. қатысты 2023 жылғы 24 тамыздағы қаулысының күшін жойды, ал өтінішхат мәні бойынша шешу үшін сотқа қайтарылды.

Жәбірленушілердің тұрғылықты жері туралы деректерді беру туралы негізсіз талап күшін жоюға негіз болды. 2023 жылғы 4 шілдеде Түрксіб аудандық соты сотталған А. ЖЖА туралы өтінішхатын тиісінше ресімдеу үшін қайтарып берді.

Қайтаруды сот қазіргі уақытта сотталушыны сипаттауға мүмкіндік беретін және оның заңды шешілуіне әкеп соғуы мүмкін жеткілікті мәліметтер жоқ екенімен негіздеді.

Апелляциялық алқа 20203 жылғы 29 тамызда сот қаулысының күшін жойып, өтінішхатты мәні бойынша қарауға қайтарды, өйткені №72 мекеме іс жүзінде сотталушының жеке ісін, сондай-ақ жазаның өтелген және өтелмеген мерзімі туралы анықтамаларды, сондай-ақ көтермелеулер мен жазалар туралы мәліметтерді ұсынды.

Бұл жағдайда өтінішхатқа сотталған адамды сипаттайтын және оның кәмелетке толмаған балаларының бар-жоғы, тұрақты тұрғылықты жері, тұрақты әлеуметтік байланыстары, болжамды жұмысы туралы мәліметтері және т.б. туралы өтінішхатта көрсетілген мән-жайларды растайтын мәліметтер қоса тіркелді.

№72 мекеме сотқа сотталушының жеке ісін және жазаның өтелген және өтелмеген мерзімін растайтын анықтамаларды да ұсынды, яғни сотқа мәні бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпарат ұсынылған.

Соттардың өтінішхаттарды хатпен, яғни қаулы шығарусыз қайтару фактілері бар, бұл НҚ-нің 3-тармағына қайшы келеді және сотталған адамды сот актісіне шағымдану мүмкіндігінен айырады.

Мысалы, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының хаттарымен Ә. мен Б. өтінішхаттары қараусыз қайтарылды.

Көрсетілгендерді ескере отырып, соттар ӛтінішхаттарды негізсіз қайтару фактілеріне жол бермеу бойынша қажетті шараларды қабылдағаны жөн.

 

ҚК-нің 39-бабына сәйкес жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жазалауда физикалық азап шегу немесе адамның қадір-қасиетін қорлау деген мақсат жоқ.

ҚК-нің 72, 73, 86, 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар тағайындалған жазаны толық өтемеуі мүмкін.

Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін (бұдан әрі – шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе ШМБ) не жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылуы мүмкін (бұдан әрі – жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру немесе ЖЖА).

ШМБ және ЖЖА – бұл жазаны өзінің үлгілі тәртібімен және зиянды түзету бойынша күш-жігерімен ӛтеу кезеңінде жазаны одан әрі ӛтеуге мұқтаж емес екенін дәлелдеген сотталған адамға қатысты мемлекеттің ізгілік және сенім актісі.

Заң соттарға ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, ШМБ мен ЖЖА-ға құқық беретін мерзімдердің басталуын мұқият тексеруге, сотталған адамның тәртібіндегі жағымды ӛзгерістерді кешенді бағалауға міндеттейді.

Өтінішхатты қарау нәтижесінде қабылданған сот шешімі уәжді болуға және сот қорытқан қорытындылардың егжей-тегжейлі негіздемесін қамтуға тиіс.

Соңғы жылдары қоғамда ШМБ мен ЖЖА нақты өлшемшарттарының жоқтығы, оларды қолданудың ашықтығы мен объективтілігінің жеткіліксіздігі туралы пікірлер айтылуда.

ШМБ және ЖЖА институттары сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қылмыстардың қайталануын азайтуға ықпал ете отырып, қылмыстық құқық жүйесінде маңызды рөл атқарады.

ШМБ – бұл жазаның мақсаттарына қол жеткізуге байланысты сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімнен бұрын тоқтату.

Бұл ретте шартты түрде босатылған адамға қатысты, әдетте, пробациялық бақылау белгіленеді, оның барысында ол өзінің түзелгенін түпкілікті дәлелдеуге және сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс.

ЖЖА – бұл сотталушының жағдайын жақсарту институты, онда тағайындалған жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылады.

Бұл институттардың негізі ізгілік қағидатында құралған. Осы тұрғыда ШМБ және ЖЖА сотталғандарды тез арада түзетуге және қалыпты ӛмірге оралуға ынталандыруға бағытталған.

Заң ШМБ мен ЖЖА-ға екі негізгі ӛлшемшарттарды қолдануды негіздейді:

1) тағайындалған жазаның белгілі бір бөлігін өтеу, қасақана бұзушылықтардың болмауы және залалдың орнын толтыру (формальды өлшемшарт),

2) сотталған адамды түзету (материалдық өлшемшарт). ШМБ және ЖЖА соттың айрықша құзыреті болып табылады.

ҚПК-нің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұл мәселелерді үкімнің орындалу орны бойынша әрекет ететін сот шешеді.

Сотталған адамның өтінішхаты, сондай-ақ Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберіндегі өтінішхаты ғана соттың ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Бұған дейін бұрынғы ҚПК кезінде бұл мәселелер жазаны орындайтын мекеменің ұсынысы бойынша қаралған болатын.

ШМБ бас бостандығынан айыруды немесе бас бостандығын шектеуді өтеп жатқан сотталғандарға, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға ғана қолданылады.

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарға ШМБ түзеу жұмыстарына сотталған кезде де, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға сотталған кезде ғана қолданылады.

Тізбесі ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде және 73-бабының 2 бӛлігінде келтірілген адамдардың санаттарына қатысты ШМБ және ЖЖА қолдануға жол берілмейді.

 Мысалы, ШМБ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы, адам ӛліміне алып келген террористік немесе экстремистік қылмыс және т.б. үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Жалпы ШМБ және ЖЖА қолдану мәселелері ҚК-нің 72, 73, 86 және 87-баптарында, ҚПК-нің 476, 477, 478 және 480-баптарында, ҚПК-нің 161, 162 және 169-баптарында, сондай-ақ «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС-ның НҚ-сында егжей-тегжейлі регламенттелген. Қолданыстағы ҚК қабылданған сәттен бастап оның ШМБ және ЖЖА қолдануға қатысты нормалары бірнеше рет ӛзгертілді, тиісінше сот практикасы да түзетілді.

Негізінен заңнамаға өзгерістер қоғамға неғұрлым қатер тӛндіретін (террористік, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және т.б.) қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық саясатты күшейту шеңберінде енгізілді.

 Негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Конституция (бұдан әрі – Конституция);

- Қылмыстық кодекс (бұдан әрі – ҚК);

- Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі – ҚПК);

- Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК); 

- «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы (бұдан әрі – «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ).

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру талаптарды сақтай отырып қаралды

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру талаптарды сақтай отырып қаралды Ел соттары ҚІЖК-нің 478-бабы 4-бөлігінің талаптарын сақтай отырып, УДО және ҚМН...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруСоттардың ұстанымы бойынша ШМБ мен ЖЖА-ның басты шарттарының бірі залалдың орнын толтыру, өнді...

Толық оқу »

Процестік келісім шарттарын орындау кезіндегі шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ

Процестік келісім шарттарын орындау кезіндегі шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБАлматы қаласы Медеу ауданы сотының 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысымен ҚК 106-бабының...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру талаптарды сақтай отырып қаралды

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру талаптарды сақтай отырып қаралды Ел соттары ҚІЖК-нің 478-бабы 4-бөлігінің талаптарын сақтай отырып, УДО және ҚМН...

Толық оқу »

Өтінішхат қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау және ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу жайлы

Өтінішхат қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау және ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу жайлыАлматы қаласы Әуезов ауданының соты төрағалық етушісудья Р.Н. АшкеевағаА...

Толық оқу »

629-бап. Сотта жасалатын процестік келісімнің құрылымы мен мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

629-бап. Сотта жасалатын процестік келісімнің құрылымы мен мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотта жасалатын процестік келісім нысаны мен...

Толық оқу »

617-3-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

617-3-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

617-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің, анықтаушының әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

617-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің, анықтаушының әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Ре...

Толық оқу »

617-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

617-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік к...

Толық оқу »

617-5-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін прокурордың, тергеушінің қылмыстық іс бойынша әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

617-5-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін прокурордың, тергеушінің қылмыстық іс бойынша...

Толық оқу »

612-бап. Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

612-бап. Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасалған процестік келісім шеңберінде қы...

Толық оқу »

67-бап. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

67-бап. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Ынтымақтастық туралы процестік кел...

Толық оқу »

621-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша прокурордың әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

621-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша прокурордың әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Қазақстан Ре...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан босату – кінәні мойындау туралы процестік келісімнің шарттарын орындау және заңсыз алынған активтерді қайтару кезінде

Қылмыстық жауаптылықтан босату – кінәні мойындау туралы процестік келісімнің шарттарын орындау және заңсыз алынған активтерді қайтару кезінде🔷 1. Норманың құқықтық мәніҚазақс...

Толық оқу »

Процессуалдық келісім шарттарын орындау кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату

Процессуалдық келісім шарттарын орындау кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату🔷 1. Баптың жалпы сипаттамасыҚР ҚК 67-бабы – процессуалдық келісімді жасасқан және оның барлық ш...

Толық оқу »

614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кінәні мойындау турал...

Толық оқу »

616-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

616-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Процестік келісімде: 1) оның...

Толық оқу »

Өтінішхат қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу жайлы

Өтінішхат қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу жайлыНазар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне жән...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша аудан прокурорына Өтінішхат іс бойынша кінәні мойындау және ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу жайлы

Қылмыстық іс бойынша прокурорға Өтінішхат іс бойынша кінәні мойындау және ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу жайлыАлматы қаласы Әуезов ауданының прокурорыУтемуратов...

Толық оқу »

619-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

619-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу...

Толық оқу »

613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кінәні мойында...

Толық оқу »

617-4-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

617-4-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-проце...

Толық оқу »

615-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

615-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдi...

Толық оқу »

617-2-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасаудың салдары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

617-2-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасаудың салдары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1....

Толық оқу »

620-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

620-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiБекітуге келіп түскен процестік келісім бойынша кү...

Толық оқу »

629-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің сотында жасалатын іс жүргізу келісімінің құрылымы мен мазмұны

629-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің сотында жасалатын іс жүргізу келісімінің құрылымы мен мазмұныСотта жасалатын іс жүргізу келісім...

Толық оқу »

Процессуалдық келісімінің шарттарын орындау кезінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату

Процессуалдық келісімінің шарттарын орындау кезінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуАлматы қаласы Медеу ауданы Сотының 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысымен ҚК-нің 106-б...

Толық оқу »