⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы

Жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы

Жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы

Жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы

            2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының №377-V Заңын, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген жаңа Азаматтық процестік кодексті қабылдауға байланысты аталған нормалар АПК-тің «Ерекше іс жүргізу» 4-кіші бөлімі 31-тарауымен және 32-тарауымен реттеледі, онда АПК-тің 305-бабы 2-тармағының 6-тармақшасы келесі редакцияда көрсетілген:

азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді:

арыз берушіде мүліктің тиесілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген факт соттан тыс тәртіппен анықтала алмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуын анықтайды.

АПК-тің 305-бабы 2-тармағының 6-тармақшасы сот аталған фактіні анықтай алатын нақтырақ негізді регламенттейді, атап айтқанда осы нормада мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы істерді анықтағанда, егер арыз берушіде мүліктің тиесілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген факт соттан тыс тәртіппен анықтала алмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуы қажет екендігі көрсетілген.

АПК-тің 31-тарауына жаңа норма ерекше жүргізілетін істерді соттың талқылауына дайындау 303-бабы енгізілді. Аталған нормаға сәйкес судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 31-тарауында белгіленген ерекшеліктерімен қоса сот арызды іс жүргізуіне қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі соттың талқылауына дайындауды жүргізеді.

Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі өзгерді. Жаңа АПК-тің 304-бабына сәйкес Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31–49- тарауларында белгіленген ерекшеліктерімен қоса талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз берушінің және мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды.

Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың ведомстволығына құқығы туралы даудың бар екендігі туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

АПК-тің 302-бабы 1-тармақшасының 1-бөлігіне сәйкес сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге: заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер жатады. АПК-тің 303-бабы нормасына сәйкес судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 31-тарауында белгіленген ерекшеліктерімен қоса сот арызды іс жүргізуіне қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі соттың талқылауына дайындауды жүргізеді.

Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі АПК-тің 304-бабында регламенттелген, аталған баптың 1-бөлігіне сәйкес Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31–49-тарауларында белгіленген ерекшеліктерімен қоса талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша соттар қарайды.

Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз берушінің және мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды. 2. Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың ведомстволығына құқығы туралы даудың бар екендігі туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

АПК-тің 305-бабы 6-тармақшасының 2-бөлігіне сәйкес сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

 Сот мынадай фактілерді: 6) егер арыз берушіде мүліктің тиесілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген факт соттан тыс тәртіппен анықтала алмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуын анықтайды.

АПК-тің 306-бабына сәйкес сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

АПК-тің 307-бабына, 308-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

 Арызда арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

АПК-тің 309-бабына сәйкес заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы соттың шешімі, егер мұндай құқық осы органдар беретін құжаттарды ауыстырмай, тіркелуге жататын болса, тиісті құқықты мемлекеттік тіркеуге және тиісті құжаттарды беруге негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 нормативтік қаулысының 8-тармағында мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету (АПК-нің 305-бабының 2- бөлігінің 6) тармақшасы) фактілері арызданушының қолында мүліктің тиесілігі туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған және көрсетілген фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықталуы мүмкін болмаған жағдайда ғана сот арқылы анықталады.

Осы орайда, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиесілі екенін растайтын құжаттардың болу фактісін ғана анықтайды.

Өз бетімен тұрғызылған, пайдалануға қабылданбаған құрылыстарды, сондай-ақ басқа адамның атына тіркелген құрылыстарды иелену фактісін сот анықтамайды.

Автокөлікті немесе басқа мүліктерді мәміле бойынша иемденіп, бірақ заңнамаға сәйкес ресімделмеген болмаса, онда оларды иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерінің анықталуы мүмкін емес.

Бұл жағдайда арызданушы меншік құқығын тану немесе мәмілені болған деп тану үшін жалпы тәртіп негізінде талап арызбен сотқа жүгінуге құқысы бар екендігі көрсетілген.

  1. Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет.

Құжатты алу мүмкіндігінің жоқтығы деп белгілі бір фактіні тіркеу ережелерінің талабын (мысалы, асырауда болуды) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмауын немесе сол сәтте ондай шараға бара алмаушылықты, жүгінуге жағдайы болмауын түсіну қажет (мысалы, өлім фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпеген, баланың туғаны туралы жазбаға уақытында түзету енгізбеген және әкенің қайтыс болуына байланысты мұны жасау мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі).

 Құжатты алуға мүмкіншілік жоқ деп, сондай-ақ фактіні растайтын құжаттар болғанмен, алайда сол құжатта дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес (мысалы, қайғылы жағдай туралы акт) қателіктер мен фактіні тура дәлелдейтін негіздемелер болмаса, ол құжаттар дәлел болу маңыздылығын жоғалтып, оны түзетуге жағдайлар болмауын түсіну қажет. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы іс бойынша шығарылған шешім АПК-тің 223-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Онда сот анықтаған мән-жайлар туралы тұжырымды растайтын дәлелдемелер келтірілуі тиіс. Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде осы фактіні толық ашып көрсетуге тиіс.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы талаптарды қараған кезде АПК-тің 256-бабына сәйкес іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралмайды, сырттай шешім шығарылмайды.

Арызды қайтару.

Талап қою арызын қайтару АПК-тің 152-бабымен регламенттеледі, 1-бөлігіне сәйкес егер:

1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;

2) іс осы соттың соттылығына жатпаса;

3) талап қою арызы осы Кодекстің 148- бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса;

4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

5) арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

6) осы немесе басқа соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер жөніндегі дау бойынша іс болса;

7) егер заңда өзгеше көзделмесе, осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса;

8) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;

9) талап қоюшы өзі берген талап қою арызын қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қою арызын қайтарады.

  1. Судья талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді.

Ұйғарым талап қою арызы сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.

  1. Талап қою арызын қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.

4.Талап қою арызын қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Арыздарды негізді қайтарудың мысалдары.

Осылай, Павлодар облысы Ақсу қалалық соты судьясының 2015 жылғы 20 қазандағы ұйғарымымен «Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлікті меншік құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы арызы барлық қоса берілген құжаттармен бірге қайтарылды.

Арыз беруші «Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сотқа 5 км су тоғанын, №1, №2 су құбырын мүлікті меншік құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы арызбен сотқа жүгінді. 2015 жылғы 9 қазандағы арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарыммен 2015 жылғы 19 қазанға дейін қателерді жоюға мерзім берілді.

АІЖК-тің 155-бабы күшіне судья талап арыз осы Кодекстің 150- бабының талаптарына және 151-бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді.

Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады. АПК-тің 155-бабына сәйкес АПК-тің 150-бабы мен 151-бабының 1-3- тармақтарының талаптарына талап арыздың сәйкес емес болған жағдайда арыз қозғалыссыз қалдыруға жатады.

Егер арыз беруші судьяның нұсқауларына сәйкес және белгіленген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап қою арызы оның бірінші сотқа жолдаған күннен бастап берген болып саналады. Керісінше жағдайда арыз берілмеген болып саналады және судьяның ұйғарымымен арыз берушіге барлық қоса берілген құжаттарымен бірге кері қайтарылады.

Белгіленген мерзімде арыз беруші арызда көрсетілген кемшіліктерді жоймады, осыған байланысты сот арыз қайтарылуға жатады деген қорытындыға келді.

Талап арызды қабылдаудан бас тарту.

АПК-тің 151-бабында судьяның талап қою арызын қабылдаудан бас тартуы реттеледі, аталған баптың 1-бөлігіне сәйкес егер:

1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, осы Кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болса;

3) төреліктің нақ сол тараптар арасындағы нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі дау бойынша қабылданған шешімі болса және бұл туралы сотқа белгілі болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.

  1. Судья талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымды ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады, ол талап қоюға қоса берілген барлық құжаттармен бірге арыз берушіге табыс етіледі немесе жіберіледі.
  2. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту талап қоюшының нақ сол жауапкерге нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.
  3. Егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, соттың талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымында талап қоюшыға қай органға жүгінгені дұрыс болатыны көрсетіледі.
  4. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Арыздарды негізді қабылдаудан бас тартудың мысалы

Осылай, Қостанай облысы Рудный қалалық соты судьясының 2015 жылғы 21 ақпандағы ұйғарымымен Рудный қаласы әкімдігінің мүлікті меншік құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы арызын қабылдаудан бас тартылды. Рудный қаласының әкімдігі Рудный қаласы Дзержинский көшесі, 4-19 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге мүлікті меншік құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау және оны коммуналдық меншік деп тану туралы арызбен сотқа жүгінді.

АПК-тің 291-бабы 2-тармағы 5-тармақшасына сәйкес сот мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы істерді қарайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысының 8-тармағына сәйкес мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілері арызданушының қолында мүліктің тиесілігі туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған және көрсетілген фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықталуы мүмкін болмаған жағдайда ғана сот арқылы анықталады.

Осы орайда, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиесілі екенін растайтын құжаттардың болу фактісін ғана анықтайды. Рудный қаласының әкімдігі құқық меншіктегі мүлікті пайдалану, билік ету фактісін бекіту туралы өтінішінде Рудный қаласы Дзержинский көшесі, 4-19 мекенжайы бойынша пәтер тіркелмеген және ешқашан тіркеуде болған жоқ.

АПК-тің 291-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына сәйкес заңдық фактіні анықтау осы жағдайда мүмкін емес. Бірінші сатыдағы сот қолданыстағы заңнама мүлікті иесіз деп тану және оны иесіз ретінде жылжымайтын мүлікті есепке қойғаннан кейін 1 жылдан соң коммуналдық меншікке беру жолымен коммуналдық меншік құқығын ресімдеудің бірегей тәртібін қарастырады деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысының 3-тармағына сәйкес егер қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АІЖК-тің 153-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.

ҚР АІЖК-тің 153-бабына сәйкес арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, судья талап арызды қабылдаудан бас тартады.

Арызды қараусыз қалдыру.

АПК-тің 279-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот, егер:

1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;

2) талап қою арызын әрекетке қабілетсіз адам берсе;

3) талап қою арызына қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса немесе оны берсе;

4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болса;

5) егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы келісім жасалса;

6) істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;

8) талап қоюшы талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз берсе;

9) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істер жөніндегі арыз жарияланған күннен бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе;

10) жылжымайтын затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыз заңда белгіленген мерзімнен бұрын берілсе немесе заңда көзделген жылжымайтын мүлікті иесіз деп тіркеу рәсімдері бұзыла отырып берілсе;

11) осы Кодекстің 105-бабының үшінші бөлігінде және 106-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж төленбесе;

12) осы Кодекстің 34-тарауында көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;

13) істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою ісін жүргізуде қаралуға жататын, соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың бар екені анықталса, арызды қараусыз қалдырады.

АПК-тің 280-бабы 1-бөлігіне сәйкес талап қою арызы қараусыз қалдырылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен аяқталады.

Бұл ұйғарымда сот істі қарауға кедергі келтіретін, осы Кодекстің 279-бабының 1), 2), 3), 9) және 10) тармақшаларында санамаланған мәнжайларды қалай жою керек екенін көрсетуге міндетті.

Осы Кодекстің 279-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап қою арызын қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтару және талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы көрсетеді.

  1. Соттың талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
  2. Талап қою арызын қарау үшін қалдыруға негіз болған мәнжайлар жойылғаннан кейін мүдделі тұлға жалпы тәртіппен сотқа тағы да талап қою арызын беруге құқылы. Ұйғарымның көшірмесі талап қою арызына қоса берілген материалдармен бірге талап қоюшыға жіберіледі немесе табыс етіледі.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері АПК-тің 277-бабының нормаларымен реттеледі, оған сәйкес сот, егер:

1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;

3) сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша қабылданған төрелік шешім болса;

4) сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса;

5) тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе;

6) тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе;

7) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;

8) iс бойынша тарап ретiнде әрекет ететін ұйым қызметi тоқтатылуына және құқық мирасқорларының болмауына байланысты таратылса;

9) шет мемлекетте соттық иммунитеттің бар екені анықталса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

АПК-тің 278-бабы 1-бөлігіне сәйкес іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары. Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен тоқтатылады.

  1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.
  2. Осы Кодекстің 277-бабының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды осы Кодекстің 107-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді.

Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жояды.

  1. Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымына осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

Істерді қараудың мерзімдері.

АПК-тің 183-бабы 2-бөлігіне сәйкес ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi.

Мемлекеттік баж салығы.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 535-бабы 1-бөлігінің 8- тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік баждың мөлшері анықталған.

Оған сәйкес сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады: осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз.

Салық кодексінің 534-бабы 2-бөлігіне сәйкес егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баждың тiркелген пайыздық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.

              Соттылық.

АПК-тің 307-бабына сәйкес «жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі».

 АПК-тің 467-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының соттары ерекше іс жүргізу істерін фактіні анықтау туралы іс бойынша арыз берушінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері болған немесе анықталуы қажет факт Қазақстан Республикасының аумағында орын алған немесе орын алатын жағдайларда қарайды».

Біздің азаматтардың басым көпшілігінің жеке меншігінде қандай да бір құқық белгілейтін құжаттардың негізінде жылжымайтын мүлік (пәтерлер, тұрғын үйлер, жер учаскелері, дүкендер, кеңселер, тұрғын емес басқа нысандар) бар.

Олар сату-сатып алу, айырбастау, сыйға беру шаттары, жекешелендіру туралы шарттар, пайдалануға беру туралы акті, жылжымайиын мүлікті заңдастыру туралы шешім, заң бойынша немесе мұрагерлік бойынша мұраға құқығы туралы куәлік, түрлі мемлекеттік органдардың қаулылары, жер учаскесіне меншік немесе жерді пайдалануға құқығы актісі, немесе басқа құжаттар. Яғни нақты бір жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын дәл сол тұлға екендігі нақты және сөзсіз көрсетілетін құжаттар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Яғни меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға (сатуға, айырбастауға, сыйға беруге), мүлiктi кепiлге беруге, жалға беруге және оларға өзгеше түрде билiк етуге (мұраға қалдыруға және т.б.) құқылы.

Кейде меншік иесінің өз құқығын іске асыру – өз қалауы бойынша және өз игілігі үшін жылжымайтын мүлікке билік ету бойынша мақсатына жету жолында кедергі пайда болады. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасаған кезде құқық белгілейтін құжатта қате табылауы мүмкін, ол жеке мәліметтердің: меншік иесінің тегінің, немесе атының, немесе әкесінің атының мәміле жасасып жатқан тұлғаның құжаттарда, жеке куәліктегі мәліметтерімен сәйкессіздігі табылатын жағдай болуы мүмкін.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтауды ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау осындай тәртіппен өздерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ететін азаматтар үшін де, заңды тұлғалар үшін де маңызды болып келеді, себебі заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың сот тәртібін анықтау кезінде заңсыз жеңілдіктер мен мүліктік пайда алу мақсатында қандайда бір құқықтарды теріс пайдаланудың алдын алады.

АПК-тің 306-бабына сәйкес «сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды».

Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі (АПК-тің 307-бабы).

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арызда АПК-тің 308- бабында белгіленгендей арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

Жоғарыда көрсетілген процесуалдық заңның нормаларына сәйкес соттар заңға сәйкес осындай фактілер заңдық салдарлар (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе меншіктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтауы) пайда болған жағдайда; арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде (АПК-тің 306-бабы) қолданыстағы заңнама олардың анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі қарастырылмаған жағдайда; ведомстволық бағынысты сотта кейін дауды шешуге байланысты емес фактіні анықтаған жағдайда ғана осы фактілерді анықтайды.

Арызды қабылдаған кезде сот арыз берушіден фактіні анықтауда заңдық мүддесін анықтау, арыз берушіден осы фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін есемтігін растайтан жазбаша дәлелдерді талап етуі қажет.

Егер қолданыстағы заңнамада оларды анықтаудың басқа (соттан тыс) тәртібі қарастырылса, сот ҚР АПК-тің 151-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жағдайда арызды қабылдаудан бас тартылады. Арыз қателесіп қабылданған және іс қозғалған жағдайда ҚР АПК-тің 277-бабы 1) тармақшасының негізінде іс жүргізу тоқтатылады.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы арызды қабылдау кезінде судья құқық туралы даудың баржоғын анықтап, АПК-тің 304-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың ведомстволығына құқығы туралы даудың бар екендігі туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы фактілерді сот бекітеді. Қолданыстағы заңға сәйкес құқық меншіктегі жылжымайтын мүлік мемлекеттік тіркеуге жатады.

Егер сәйкес тіркеуші орган жойылған құжатты бермесе, онда сот тәртібі қолданылады. Жылжымайтын мүлікті иелену, пайдалану және (немесе) билік ету фактіні сотпен бекіту үшін келесі шарттарды сақтау тиіс: 1. Жылжымайтын мүлік иелену және (немесе) пайдалану, билік ету фактіні ғана бекітеді.

  1. Сәйкес құжатты беруден бас тартылса немесе оны орнатуға мүмкін емес.
  2. Жылжымайтын мүлікке құқық меншік туралы дау болмаса.
  3. Өтініш берушіде жылжымайтын мүлікпен пайдалану немесе иелену туралы құжат болса, бірақ ол жоғалған болса. Құқық анықтайтын құжаттарының бар немесе жоқтығын сондай-ақ құрылыс нысанын өз бетімен тұрғызу туралы мәліметтің жоқтығын жақсылап тексеру тиіс, және де өз бетімен тұрғызылған құрылысқа иелік ету фактісін анықтау туралы арыздар, құрылыс бұрынғыдан басқа тұлғаға тіркелген болса немесе өтініш беруші тиісті емес шарт бойынша сатып алса ерекше іс жүргізу тәртібінде арыздар қаралуға жатады.

Құрылыс, басқа жылжымайтын мүлікпен иелену фактісі сотпен бекітіледі, егер өтініш берушінің құжаты жоғалса, құрылыс туралы құқық бекіту туралы құжаты болса, осы факт соттан тыс тәртібінде расталуы мүмкін. Өтініш берушімен тиісті құжатты алуға мүмкіндігі жоқ немесе оны орнатуға мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдемелерді ұсыныс ету тиіс.

Құқық бекіту құжаттарының бар немесе жоқтығын жақсылап тексеру тиіс, және де құрылыс бұрынғыдан басқа тұлғаға тіркелген болса немесе өтініш беруші тиісті емес шарт бойынша сатып алса ерекше іс жүргізу тәртібінде сот қарауына жатпайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысында мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы фактілерді сот қандай жағдайларда анықтай алатыны туралы нақты түсініктеме берілген.

Азаматтық істер зерделеуі көрсетті, осы санаттағы істерді соттар негізінде дұрыс шешіп, бірақ кейбір кезде материалдық нормалар және іс жүргізу құқығын қолдану қателіктері жіберіледі. ҚР Жоғарғы Сотының аталған қаулысында өтініш берушінің тиісті мүлігі туралы құқық бекіту құжаты болғанда ғана, ол жойылғаны туралы, соттан тыс тәртібінде орнатылуы мүмкін емес, мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерді анықтау туралы істер бойынша сотпен анықталады.

Онымен бірге сот осындай істерді қараған кезде тек арыз берушіге мүліктің тиесілігін растайтын құжаттардың бар екендігін анықтайды, оның меншік құқығын емес. Бірақ тәжірибеде құқық бекіту құжаттар болмағанда сот иелену, пайдалану және билік ету фактісін бекітеді, кейде мүлікке жеке құқығын бекітеді.

Кейде судьялар мүлікті жеке құқығына иелену, пайдалану, билік ету фактіні бекіту туралы өтінішті өз іс жүргізуіне алғанда әкімдердің, Жер ресурстарын басқару бойынша комитеттің, Қала құрылысы және сәулет департаменті, өрт сөндіру, санитарлық және басқа мемлекеттік өкілетті органдардың өкілеттілігін өзіне иеленіп алады, осыған байланысты заңсыз шешімдер шығарылатынын айта кету керек.

Соттар тұрғын үй қорынан тұрғын емес қордың құрамына шығарумен байланысты қайта жабдықтау, қайта құру және жер учаскелерінің мақсатты пайдалануын өзгертуге қатысты істерді іс жүргізуге алуға және қарауға тиіс емес, олардың құқық белгілейтін құжаттары бар, оларды тек өкілетті органдар мен қызметтер береді және олар құқық белгілейтін құжаттарды береді.

 Белгіленген санаттағы істерді қарау кезінде сот өтініш берушінің барлық жазбаша дәлелдемелермен жағдай бойынша куәгерлерді сұрау, дәлелденген жағдайға баға беруге тиіс.

Өтініш берушінің мақсатына байланысты мүдделі тұлғалар ретінде әкімдіктер, жер ресурстарын басқару бойынша комитет, қала құрылыс және сәулет бөлімдері және де басқа органдар тартылуы мүмкін.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы істер бойынша шешімнің қарар бөлігінде жоғалған немесе қайта орнына келтірілмейтін құжаттың және мүліктің ажырататын белгілерін көрсету - құқық бекіту құжатының немесе мүліктің атауы, кім және кімнің атына бергені, берген күні, нөмірі және т.б., құқық белгілейтін құжат және мүлікке иелік ететін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі керек.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін бекіту кезінде құқық бекіту құжаттары болып, мысалға: сатып алу-сату шарттары, жекешелендіру және заңдастыру, айырбас, мүлікті сыйға тарту шаттары, жерге мемлекеттік актілері, ал меншік құқығына мұрагер болуды растайтын құжаттар болып, - тіркеу куәлігі; мұраны иелену құқығы туралы куәлік; меншіктік құқық туралы кәулік; әкімшілік органдарымен, атқарушылық билік органдарымен берілген құжаттар және т.б., жоғалған және оларды қалпына келтіруге болмайтындар.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін бекіту туралы азаматтық істер көрсетеді, қазіргі сот тәжірибесі көбінесе біркелкі болады, және республиканың соттарымен қолданыстағы заңнамалардың практикасы дұрыс қолданылады, қиыншылықтарды туғызбайды.

Осылай, арыз сотқа арыз берушінің мүлкі орналасқан жерде беріледі, мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілері бекітіледі.

Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет, белгіленген жағдайлар сот отырысында жауап алынған куәгерлермен расталады.

Берілген жағдайлардың туындау себебі, арыз берушіде мүліктің тиістілігі туралы құқық бекітетін құжаттар болды, бірақ ол жойылды, және берілген факт соттан тыс тәртіпте бекітілмейді.

Осы істер ерекше іс жүргізу тәртібінде қаралады және сот арыз беруші мен мүлделлі тұлғалардың қатысуымен қарайды.

Шешімнің кіріспе бөлігінде шешім шығарылған уақыты мен орны, шешім шығарған соттың толық және нақты атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, арыз беруші, мүдделі тұлғалардың өкілдері, сотқа қатысқан басқа тұлғалар және олардың өкілдері, мәлімделген талап көрсетіледі.

Егер тараптар заңды тұлғалар болса, олардың атауы заңды тұлғаларды тіркеу туралы құжаттарға сәйкес көрсетіледі. Шешім шығарған орны қаланың немесе басқа елді мекеннің атуымен анықталады. Мәлімденген талаптардың мазмұны, сонымен қатар, егер арыз беруші арыздың негізін және нысанын өзгерткен болса, ол шешімнің сипаттамалық бөлігінде көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, шешімнің сипаттамалық бөлігінде мүдделі тұлғалардың қарсылығы және сотта қатысатын басқа тұлғалардың түсініктемелері көрсетілу керек. Шешімнің дәлелді бөлігінде істің мән-жайы АПК-тің 63-бабы 2- бөлігіне сәйкес дәлелдемелер - фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін.

Шешім заңды болып табылады, егер ол осы құқықтық қатынасқа қодануға жататын материалдық құқықтың нормаларына толық сәйкес және процесуалдық құқық нормаларын сақтап шығарылса, немесе ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қажет жағдайларда қолданса, немесе азаматтық заңнаманың жалпы негіздері мен мағынасын және адалдық, ақылға сыйымдылық пен әділдікті негізге ала отырып шығарылса (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 5-бабы, АПК-тің 6-бабы).

Соттың зерделеген дәлелдемелерімен расталған, олардың қатыстылығы, рауалылығы, дұрыстығы және толықтығы туралы заңның талаптарын қанағаттандыратын немесе дәлелдеуді қажет етпейтін баршаға мәлім мәнжайлар болып табылатын және дауды шешу үшін жиынтықта жеткілікті осы істе маңызы бар фактілер көрсетілген шешім негізді болып саналады.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы істер бойынша шешімнің қарар бөлігінде жоғалған немесе қайта орнына келтірілмейтін құжаттың және мүліктің ажырататын белгілерін көрсету - құқық бекіту құжатының немесе мүліктің атауы, кім және кімнің атына бергені, берген күні, нөмірі және т.б., құқық белгілейтін құжат және мүлікке иелік ететін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі керек.

Шешімнің қарар бөлігінде уәждеу бөлігінде анықталған іс жүзіндегі мәнжайлардан шығатын соттың қорытындысы болуы міндетті. Сот шешімін орындау кезінде даулар мен түсініксіздіктер болмауы үшін шешімнің қарар бөлігі нақты және түсінікті болуы тиіс. Шешім тараптар көрсеткен барлық талаптар бойынша қаулы етіледі.

Арызды қанағаттандырған негізді және дұрыс шешім шығаруының мысалдары.

Осылай, Ақтөбе облысы Хромтау аудандық соты «Транснациональная компания «Казхром» акционерлік қоғамының мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады. Арыз беруші «Транснациональная компания «Казхром» акционерлік қоғамы (әрі қарай - «ТНК «Казхром» АҚ) өз талаптарын «Донской ГОК» ашық акционерлік қоғамының (алдында Донской горно-обогатительный комбинат) құқық мирасқоры ретінде жеке меншік құқығымен хромит рудасын өндіру және қайта өңдеу бойынша өндірістік нысандарды орналастыру және қызмет көрсету үшін Ақтөбе облысы Хромтау ауданы мекенжайында орналасқан кадастрлық нөмірі 02:034:026:006; 02:034:026:006:1 жалпы көлемі 4518,9450га жер учаскесіне иелік ететінін уәждеп, сотқа жоғарыда аталған арызбен жүгінді.

Мемлекеттік тіркеу органы «ТНК «Казхром» АҚ атына жер учаскесіне жеке меншік құқығын растайтын меншік иесі туралы мәлімет берді. Аталған жер учаскесінде «ТНК «Казхром» АҚ филиалы - «ДНК» Донской ГОК-тың шахта оқпандарының солтүстікжелдету нысандары: АБК қосарланған ғимаратымен (жеке нөмірі 1289), шахта үсті кешені (жеке нөмірі 10040), көтеру машинасының ғимараты (жеке нөмірі 10052) орналасқан.

Аталған нысандарды комбинат 1997 жыл және 2001 жыл аралығында шаруашылық жолымен салды және «ТНК «Казхром» АҚ филиалы - «ДНК» Донской ГОК пайдаланып келеді. Нысандарды пайдалануға берген кезден бастап қазіргі кезге дейін «ТНК «Казхром» АҚ нысандарды ұстау ауыртпалығын өз мойнына алып, уақтылы салықтарын төлейді және қажет жөндеу жұмыстарын жасайды. Аталған нысандар «ТНК «Казхром» АҚ филиалы - «ДНК» Донской ГОК-тың балансында тұр. Осы нысандарды пайдалануға беру актілері жоғалған.

«ТНК «Казхром» АҚ-ның құжаттары Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мұрағатына сақтауға берілмеген. Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен Ақтөбе облысы Хромтау ауданы мекенжайында орналасқан кадастрлық нөмірі 02:034:026:006 «ТНК «Казхром» АҚ филиалы - «ДНК» Донской ГОК-тың шахта оқпандарының солтүстік-желдету нысандары: АБК қосарланған ғимаратымен (жеке нөмірі 1289), шахта үсті кешенін (жеке нөмірі 10040), көтеру машинасының ғимаратын (жеке нөмірі 10052) иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтауды сұрайды.

Қазақстан Республикасы АПК-тің 305-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

Жоғарыда аталған баптың 2-бөлігі 6-тармақшасына сәйкес сот арыз берушіде мүліктің тиесілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген факт соттан тыс тәртіппен анықтала алмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуы фактілерін анықтау туралы істерді қарайды.

Қазақстан Республикасы АПК-тің 306-бабына сәйкес сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысының 3-тармағына сәйкес құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуіне байланысты тиісті органның оның көшірмесін беру мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ деп түсіну қажет.

Жоғарыда аталған Нормативтік қаулының 8-тармағына сәйкес мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілері арызданушының қолында мүліктің тиесілігі туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған және көрсетілген фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықталуы мүмкін болмаған жағдайда ғана сот арқылы анықталады.

Осы орайда, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиесілі екенін растайтын құжаттардың болу фактісін ғана анықтайды.

Сот «Транснациональная компания «Казхром» акционерлік қоғамына жалпы көлемі 4518,9450 га жер учаскесі жеке меншік құқығымен тиесілі екендігін анықтады, 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 002074062149 жер учаскесінің бұл жеке меншік құқығына актісімен расталады.

«ТНК «Казхром» акционерлік қоғамында «ТНК «Казхром» АҚ филиалы - «ДНК» Донской ГОК-тың шахта оқпандарының солтүстікжелдету ұзақ мерзімдегі активтердің нысандары: 01.05.1997ж. сатып алынған АБК қосарланған ғимаратымен (жеке нөмірі 1289), 24.12.2001ж. сатып алынған шахта үсті кешені (жеке нөмірі 10040), 01.10.1999ж. сатып алынған көтеру машинасының ғимараты (жеке нөмірі 10052) бар, осы мән-жайлар «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамының ұзақ мерзімді активтердің түгендеу тізілімімен расталады.

Донской ГОК-тың өндірістік нысандар бас жоспарының көшірмесіне сәйкес аталған нысандар «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамына тиесілі жер учаскесінде орналасқан.

Жылжымайтын мүлік нысандарын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік етуді растайтын құжаттардың болуы фактісін анықтау мүмкін еместігі «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамы берген мұрағаттың анықтамасымен расталады.

Онда күрделі құрылыс бөлімінің (әрі қарай КҚБ) мұрағатында жұмыс құжаттамалары мен жоғарыда аталған нысандарды пайдалануға енгізу актілерінің жоқ екендігі анықталды.

 Өз кезінде жобалық техникалық құжаттаманы КҚБ ДОФ-1 тапсырған, онда олар жұмыс процесінде жоғалып кеткен. «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамының хатына Хромтау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің уәжделген жауабына сәйкес «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамының филиалы - «ДНК» Донской ГОК-тың шахта оқпандарының солтүстік-желдету ұзақ мерзімдегі активтердің нысандары: 01.05.1997ж. сатып алынған АБК қосарланған ғимаратымен (жеке нөмірі 1289), 24.12.2001ж. сатып алынған шахта үсті кешенін (жеке нөмірі 10040), 01.10.1999ж. сатып алынған көтеру машинасының ғимаратын (жеке нөмірі 10052) нысандарды пайдалануға беру және құрылыс-монтаждық жұмыстарға рұқсат беру актілері мұрағатта жоқ екендігі анықталды.

Хромтау ауданының мемлекеттік мұрағаты мен Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының анықтамаларына сәйкес «Казхром» акционерлік қоғамының филиалы - Донской ГОК-тың құжаттары мемлекеттік сақтауға берілмеген.

Осындай мән-жайларда сот «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамының арызын толық көлемде қанағаттандыруға жатады деп санайды. «Транснациональная компания «Казхром» акционерлік қоғамының мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы арызын соттың шешімімен қанағаттандырды.

Жылжымайтын мүлік нысандарын, атап айтқанда «Транснациональная компания «Казхром» акционерлік қоғамының иелігіндегі Ақтөбе облысы Хромтау ауданы мекенжайында орналасқан кадастрлық нөмірі 02:034:026:006 «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамының филиалы - «ДНК» Донской ГОК-тың шахта оқпандарының солтүстік-желдету ұзақ мерзімдегі активтердің нысандары: 01.05.1997ж. сатып алынған АБК қосарланған ғимаратымен (жеке нөмірі 1289), 24.12.2001ж. сатып алынған шахта үсті кешенін (жеке нөмірі 10040), 01.10.1999ж. сатып алынған көтеру машинасының ғимаратын (жеке нөмірі 10052) иелену, пайдалану және (немесе) оған билік етуді растайтын құжаттардың болуы фактісін анықтады.

Сот шешіміне апелляция тәртіппен шағым жасау және наразылық білдіру

              АПК-тің 401-бабы 1-бөлігіне сәйкес Осы тарауда көзделген қағидаларға сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

2.Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.

  1. Сот шешіміне апелляциялық наразылық білдіру құқығы істі қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, өздерінің құзыреті шегінде шешімге наразылық білдіруге құқылы.
  2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да апелляциялық шағым жасауға құқылы.

Сот шешіміне кассациялық тәртіппен шағым жасау және наразылық білдіру

              АПК-тің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртiппен қайта қарауы мүмкiн.

  1. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
  2. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген істер бойынша сот актілерін қоспағанда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілері осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
  3. Кассациялық сатының қаулылары осы Кодекстің 438- бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.

Нормативтік құқықтық база.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-тарауымен, 31-тарауымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысымен реттеледі.

Осыдан басқа, мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы арыздарды қарау кезінде осы санаттағы істер бойынша келесі негізгі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:

 - Қазақстан Республикасының Констиуциясы,

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,

- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі,

- Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңы,

- Қазақ ССР-нің 1991 жылғы 22 маусымдағы «Мемлекеттендіру мен жекешелендіру туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №5 нормативтік қаулысы,

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 нормативтік қаулысы,

- Қазақстан Республикасының сот актілерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдары және де басқалар.

Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы істер бойынша нақты санаттағы іске қатысты мәселелерді реттейтін басқа нормативтік құқықтық және заңға бағынысты актілерді қолдануға жататындықтан көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тізімі толық емес.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы