123-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Өтініш беруші Отбасының цифрлық картасында кірісі туралы ақпарат болмаған кезде осы тарауға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын тоқсан сайын растайды.
2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
3. Шартсыз немесе шартты ақшалай көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалған кезде учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге өтініш берушінің келісімін алған күн көрсетуге өтініш берілген күн болып есептеледі.
4. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына жәрдемдеседі.
5. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес кірісі аз адамдарды анықтауды жүзеге асырады.
7. Өтініш беруші мен алушының қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған орғанға, сотқа шағым жасауға құқығы бар.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы