⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Iстердiң немесе материалдардың Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында, сотта қаралуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың жақындарына қатысты өлтiрумен, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту –

      төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың жақындарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –

      үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      2) төтенше ахуал кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;

      3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;

      4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет –

      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану –

      үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген:

      1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;

      5) бірнеше рет;

      6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      7) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

      8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану –

      он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген:

      1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) аса қатыгездікпен жасалған;

      4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;

      6) бірнеше рет;

      7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

      9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Комментарий к статье 339. Воспрепятствование осуществлению правосудия и  производству предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 339. Воспрепятствование осуществлению правосудия и производству предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Вмешател...

Толық оқу »

Комментарий к статье 341. Угроза или насильственные действия в связи с осуществлением правосудия или производством предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 341. Угроза или насильственные действия в связи с осуществлением правосудия или производством предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Респ...

Толық оқу »

21-бап. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

21-бап. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот төрелігі баршаның заң мен...

Толық оқу »

11-бап. Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

11-бап. Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрел...

Толық оқу »

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сот төрелiгiн жүзеге асыр...

Толық оқу »