⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

6-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң   

      1. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырады. 

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тәртібі осы Заңның 6-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 

       2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының:  

       1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;  

       2) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшін пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;  

      3) құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне қарап-тексеру жүргізуге; 

       4) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жою мақсатында арнайы құрылған бөлімшелермен іс-шаралар жүргізуге;  

       5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргізу үшін көрсетілген өнімнің техникалық негізделген мөлшердегі үлгілерін алуға;  

       6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;  

      7) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
 

       8) Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.  

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы. 

Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы