14-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрiне берiлген лицензияның негiзiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда белгiленген шектеулер заңсыз айналымнан алынған және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары белгiлеген тәртiппен сақтаулы тұрған есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестер мен прекурсорларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы