11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды буып-түю Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң
1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есiрткi және психотроптық заттардың әрбiр сериясы үшiн тұтыну бумаларын таңбалау бiрыңғай болуға және Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
2. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмінде санамаланған заттар бар дәрiлiк заттарды таңбалау кезiнде осы заттардың атауы және олардың салмақ бiрлiгімен немесе пайызбен құрамы көрсетiледi.
3. алып тасталды
4. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттардың буып-түйiлуi мен жазбалары сәйкес келуге тиiстi шарттар бұзылған жағдайда есiрткi және психотроптық заттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынып қойылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2006.12.29. № 209; 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы