⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң   

       1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу қолда бар есiрткiлермен салыстырғанда неғұрлым тиiмдi, неғұрлым қауiпсiз және оңай бақыланылатын жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар жасауды мақсат етедi.  

      2. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды әзiрлеудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар мемлекеттiк ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдалануға арналған жаңа ықтимал есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды клиникаға дейiн және клиникада сынақтан өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi (ұйымдары) мен ғылыми-зерттеу институттарында жүзеге асырылады.  

      3. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды тiркеу барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.  

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы. 

Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы