2-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғары заңдық күшке ие және республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында қайшылық болған жағдайда Конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекстің нормалары мен өзге де заңдар арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстің алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
President
Republic of Kazakhstan
© 2012. RSE na PHB "Institute of Legislation and Legal Information of the Republic of Kazakhstan" of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan
Constitution Law Code Standard Decree Order Decision Resolution Lawyer Almaty Lawyer Legal service Legal advice Civil Criminal Administrative cases Disputes Defense Arbitration Law Company Kazakhstan Law Firm Court Cases