Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 269-1-бап. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

269-1-бап. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

269-1-бап. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай залал не елеулі зиян келтірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары мен бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру –

      екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2 Мынадай:

      1) ірі залал келтіре отырып;

      2) күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп;

      3) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған;

      4) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет –

      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген;

      2) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару...

Толық оқу »

506-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

506-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының КодексіҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау орган...

Толық оқу »

506-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің күзетілетін объектілеріне заңсыз кіру

506-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің күзетілетін объектілеріне заңсыз кіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйк...

Толық оқу »