52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы
1. Адвокаттар алқасының жарғысында:
1) адвокаттар алқасының атауы, қызмет нысанасы мен мақсаттары;
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбi;
4) адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарын қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыретi;
5) заң консультацияларын құру және олардың қызмет ету тәртiбi;
6) мүлiкті түзу көздерi мен оған билiк ету тәртiбi;
7) мүшелiк және нысаналы жарналарды төлеу тәртiбi;
8) адвокаттардың мемлекет кепiлдік берген заң көмегiн көрсету тәртібі және соттың, қылмыстық қудалау органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн адвокаттар арасында бөлу тәртiбi;
9) Адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі туралы ереже негізінде адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі;
10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінiң тәртiптiк жауаптылығы және оған тарту тәртiбi;
11) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтiнiшхат қозғау тәртiбi;
12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi;
13) адвокаттар алқасы таратылған кезде мүлiктiң тағдыры көзделуге тиiс.
2. Адвокаттар алқасының жарғысында осы Заңның 1-бөлімінің және осы бөлімнің талаптарын көрсететін ережелер қамтылуға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы