Payment for services is made exclusively to the company's account. For your convenience, we have launched Kaspi RED 😎

Home / RLA / 8-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық құқықтарын жүзеге асыру

8-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық құқықтарын жүзеге асыру

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық құқықтарын жүзеге асыру

     1. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз қалауы бойынша оларға тиесілі азаматтық құқықтарға, оның ішінде оларды қорғау құқығына билік етеді.

     2. Заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтарды жүзеге асырмау бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды.

     3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтары мен заңнамамен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.

     4. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру кезінде адал, ақылға қонымды және әділ әрекет етуге, заңнамада қамтылған талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, сондай-ақ кәсіпкерлер Іскерлік әдеп ережелерін сақтауға тиіс.

     Бұл міндетті алып тастауға немесе шартпен шектеуге болмайды. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың адалдығы, парасаттылығы және іс-әрекеттерінің әділдігі болжанады.

     5. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтіруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді.

     6. Ешкімнің өзінің жосықсыз мінез-құлқынан артықшылық алуға құқығы жоқ.

     7. Осы баптың 3-6 – тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда сот адамға өзіне тиесілі құқықты қорғаудан бас тарта алады.

     Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2017.02.27 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.

 Constitution Law Code Standard Decree Order Decision Resolution Lawyer Almaty Lawyer Legal service Legal advice Civil Criminal Administrative cases Disputes Defense Arbitration Law Company Kazakhstan Law Firm Court Cases