Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Көлік құралын басқару құқығынан айыру

Көлік құралын басқару құқығынан айыру

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Көлік құралын басқару құқығынан айыру  

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2018 жылғы 20 наурыздағы үкімімен: Д. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК-нің) 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 200 (екі жүз) сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған. Сот үкімімен Д. 2018 жылғы 09 ақпанда сағат 02:00 шамасында, бұған дейін 2015 жылғы 23 маусымдағы сот қаулысымен, үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Целиноград ауданы, Қосшы ауылында алкогольдік масаң күйінде мемлекеттік нөмірі 439UXA/01 «Фольксваген Гольф» маркалы автокөлігін басқарғаны үшін кінәлі деп танылған. Үкім апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Ақмола облысының Целиноград аудандық сотының 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен Д. ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен үш жылға  көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жазасы тағайындалып, 200 (екі жүз) сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында аталған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша Д.-ның кінәсінің дәлелденуі мен оның әрекетінің саралануын, сонымен қатар тағайындалған негізгі жазаны дауламай, бірінші сатыдағы соттың оған ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген міндетті түрде тағайындалатын көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жазасын негізсіз тағайындамағандығын көрсетіп, сот үкімін өзгертіп, оған көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру қосымша жазасын тағайындауды, сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысының күшін жоюды сұраған. Д.-ның үкімде сипатталған қылмыстық теріс қылықты жасағандығы басты сот талқылауында жан-жақты зерттелген және объективті бағаланған дәлелдемелермен бекітілген. Сот Д.-ның іс-әрекетіне негізді құқықтық баға беріп, оны ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен дұрыс саралаған.

Наразылықта оның қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәсінің дәлелденуі мен әрекетінің саралануы дауланбаған. Бұл орайда, соттың Д.-ны қылмыстық заңда көзделген міндетті түрде тағайындалуға жататын қосымша жазадан заңсыз босатқандығы жөнінде наразылықтың уәжі негізді болып табылады. ҚК-нің 50-бабы 1-бөлігінің талаптарына сай белгілі лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымдарды атқаруға не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға, оның ішінде көлік құралдарын басқаруға тыйым салудан тұрады. Д. кінәлі деп танылған ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігінің санкциясында белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыру түріндегі міндетті қосымша жазасы көзделген. Алайда, сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбай, сотталған Д.-ға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі бұл міндетті қосымша жазаны тағайындамаған және мұны үкімде заң тұрғысынан негіздемеген. Сондықтан да Д.-ға қатысты сот үкімі өзгертіліп, оған ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру міндетті қосымша жазасын тағайындау қажет.

Сонымен қатар, ҚПК-нің 395-бабының 6-бөлігінің талаптарына сәйкес үкімге ол жария етілгеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейтіндігін назарға алмай, сот өзінің 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен, ҚПК-нің 476-бабын басшылыққа алып, үкімде жіберілген қатені түзету қажеттілігі туралы қате тұжырым жасап, іс жүзінде үкімнің жаза тағайындау бөлігіне өзгеріс енгізіп, сотталған Д.-ға ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру міндетті қосымша жазасын тағайындаған. Бірінші сатыдағы соттың бұл қаулысы заңсыз болып табылады, өйткені сот үкіміне мұндай өзгертулер енгізу ҚПК-нің 476-478-баптарында мүлдем көзделмеген, ал бұл баптар, тек қана заңды күшіне енген сот үкімдерін орындауға қатысты мәселелерді шешуді реттейді. Сондықтан аталған қаулының күші жойылуға жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Д.-ға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертіп, оған көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айыру қосымша жазасын тағайындады. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырып, бірінші сатыдағы соттың 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысының күшін жойып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығын қанағаттандырды. 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

Көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды сот қосымша жаза ретінде тағайындай алады

Көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды сот қосымша жаза ретінде тағайындай алады"Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты...

Толық оқу »

25-бап. Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығынан айыру Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

25-бап. Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығынан айыруТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Тарих және мәдениет ескерткішін пайдала...

Толық оқу »

50-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

50-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Белгiлi бiр лауазымды атқару не...

Толық оқу »

41-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

41-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру 1. Белгілі бір лауа...

Толық оқу »

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру заңмен бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру заңмен бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленедіАқтөбе облысы Ақтөбе қаласының 2017 ж...

Толық оқу »

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚК РК) 50-бабында белгілі бір лауазымды атқар...

Толық оқу »

Заң қызметтерін көрсетумен айналысу құқығынан өмір бойы айыру түрінде қосымша жаза тағайындау

Заң қызметтерін көрсетумен айналысу құқығынан өмір бойы айыру түрінде қосымша жаза тағайындау2016 жылғы 19 шілдедегі Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының № 2 сотының үкімі...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыру, оның құқықтары мен өкілеттіктерінен асып кеткені үшін мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, пайда табу мақсатында бас бостандығынан айыру

Бас бостандығынан айыру, оның құқықтары мен өкілеттіктерінен асып кеткені үшін мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, пайда табу мақсатында бас бостандығынан...

Толық оқу »

582-бапқа түсініктеме. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басқару құқығы жоқ адамды басқару

582-бапқа түсініктеме. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені, Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесін...

Толық оқу »

619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайды

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайдыАтырау облысы Махамбет аудандық сотының 2012 жылғ...

Толық оқу »

359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Лауазымды адамның не әуе, теңіз не...

Толық оқу »

Бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған ол мас күйінде көлік құралын қайта басқарды

Бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған ол мас күйінде көлік құралын қайта басқардыСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының 2018 жылғы 27 қарашадағы үкімім...

Толық оқу »

619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушыл...

Толық оқу »

346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құр...

Толық оқу »

582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы Әкімш...

Толық оқу »

Регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап арыз сенімхат көлік құралын иелену құқығын береді, ал басқару құқығының болуы жүргізуші куәлігімен расталуы тиіс

Регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап арыз сенімхат көлік құралын иелену құқығын береді, ал басқару құқығының болуы жүргізуші куәлігімен расталуы тиіс"К "сақтанды...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша Адвокат Заңгер Алматы қаласында Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауға жол берілмейді

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша Адвокат Заңгер Алматы қаласында Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған көлік құралын жүргізу...

Толық оқу »

Азаматтық істер жөніндегі адвокаттық кеңсе көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза қолдануға жол берілмейді

Азаматтық істер жөніндегі адвокаттық кеңсе көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза қолдануға жол берілмейдіҚызылжар аудандық сотының 2012 жылғы 19 желтоқсан...

Толық оқу »

Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамға айыппұлмен қатар көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша өндіріп алуға жол берілмейді.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамға айыппұлмен қатар көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша өндіріп алуға жол берілмейді.Алматы қаласының мамандандыры...

Толық оқу »

612-бапқа түсініктеме. Көлік құралын құжаттары жоқ және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басқару құқығы жоқ адамның басқаруы

612-бапқа түсініктеме. Көлік құралын құжаттары жоқ және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басқару құқығы жоқ адамның басқаруы 1. Өзімен бір...

Толық оқу »

75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату Жол жүрісі туралы Заңы

75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуЖол жүрісі туралы Заңы      1. Мыналар көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіздер болып табылады:      1) жүргізуші ку...

Толық оқу »

612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жүргізушінің жеке басы...

Толық оқу »

619-бапқа түсініктеме. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні, сол сияқты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті санатын көлік құралын басқаруға жіберу

619-бапқа түсініктеме. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні, сол сияқты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиіс...

Толық оқу »

Көлiк құралын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен сақтандырусыз жүргiзу куәлігі жоқ, мас күйiнде болған жазатайым оқиғаға кiнәлi адамның келтiрiлген залалын өтеу

Көлiк құралын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен сақтандырусыз жүргiзу куәлігі жоқ, мас күйiнде болған жазатайым оқиғаға кiнәлi адамның келтiрiлген залалын өтеуС.А. жауапкерл...

Толық оқу »