Көлік құралын басқару құқығынан айыру
Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2018 жылғы 20 наурыздағы үкімімен: Д. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК-нің) 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 200 (екі жүз) сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған. Сот үкімімен Д. 2018 жылғы 09 ақпанда сағат 02:00 шамасында, бұған дейін 2015 жылғы 23 маусымдағы сот қаулысымен, үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Целиноград ауданы, Қосшы ауылында алкогольдік масаң күйінде мемлекеттік нөмірі 439UXA/01 «Фольксваген Гольф» маркалы автокөлігін басқарғаны үшін кінәлі деп танылған. Үкім апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Ақмола облысының Целиноград аудандық сотының 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен Д. ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жазасы тағайындалып, 200 (екі жүз) сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында аталған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша Д.-ның кінәсінің дәлелденуі мен оның әрекетінің саралануын, сонымен қатар тағайындалған негізгі жазаны дауламай, бірінші сатыдағы соттың оған ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген міндетті түрде тағайындалатын көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жазасын негізсіз тағайындамағандығын көрсетіп, сот үкімін өзгертіп, оған көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру қосымша жазасын тағайындауды, сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысының күшін жоюды сұраған. Д.-ның үкімде сипатталған қылмыстық теріс қылықты жасағандығы басты сот талқылауында жан-жақты зерттелген және объективті бағаланған дәлелдемелермен бекітілген. Сот Д.-ның іс-әрекетіне негізді құқықтық баға беріп, оны ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен дұрыс саралаған.
Наразылықта оның қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәсінің дәлелденуі мен әрекетінің саралануы дауланбаған. Бұл орайда, соттың Д.-ны қылмыстық заңда көзделген міндетті түрде тағайындалуға жататын қосымша жазадан заңсыз босатқандығы жөнінде наразылықтың уәжі негізді болып табылады. ҚК-нің 50-бабы 1-бөлігінің талаптарына сай белгілі лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымдарды атқаруға не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға, оның ішінде көлік құралдарын басқаруға тыйым салудан тұрады. Д. кінәлі деп танылған ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігінің санкциясында белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыру түріндегі міндетті қосымша жазасы көзделген. Алайда, сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбай, сотталған Д.-ға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі бұл міндетті қосымша жазаны тағайындамаған және мұны үкімде заң тұрғысынан негіздемеген. Сондықтан да Д.-ға қатысты сот үкімі өзгертіліп, оған ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру міндетті қосымша жазасын тағайындау қажет.
Сонымен қатар, ҚПК-нің 395-бабының 6-бөлігінің талаптарына сәйкес үкімге ол жария етілгеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейтіндігін назарға алмай, сот өзінің 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен, ҚПК-нің 476-бабын басшылыққа алып, үкімде жіберілген қатені түзету қажеттілігі туралы қате тұжырым жасап, іс жүзінде үкімнің жаза тағайындау бөлігіне өзгеріс енгізіп, сотталған Д.-ға ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру міндетті қосымша жазасын тағайындаған. Бірінші сатыдағы соттың бұл қаулысы заңсыз болып табылады, өйткені сот үкіміне мұндай өзгертулер енгізу ҚПК-нің 476-478-баптарында мүлдем көзделмеген, ал бұл баптар, тек қана заңды күшіне енген сот үкімдерін орындауға қатысты мәселелерді шешуді реттейді. Сондықтан аталған қаулының күші жойылуға жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Д.-ға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертіп, оған көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айыру қосымша жазасын тағайындады. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырып, бірінші сатыдағы соттың 2018 жылғы 20 наурыздағы қаулысының күшін жойып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығын қанағаттандырды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Көлік құралын басқару құқығынан айыру
85 рет жүктеп алынды -
Көлік құралын басқару құқығынан айыру
71 рет жүктеп алынды