101-14-бап. Жеке арнайы шот Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы екінші деңгейдегі банкте бір ғана жеке арнайы шот ашады және оны пайдаланады.
2. Тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей мемлекеттік мекеменің банктік шотының деректемелерін көрсете отырып, екінші деңгейдегі банкке ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтату туралы хабарлама хат жолдайды.
Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдері тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке арнайы шотын жабуды және тұрғын үй төлемдерінің қалған сомасын мемлекеттік мекеменің хабарлама хатында көрсетілген деректемелерге сәйкес мемлекеттік мекеменің банктік шотына аударуды өтініп екінші деңгейдегі банкке жүгінуге міндетті.
Тұрғын үй төлемдері тоқтатылған және жинақ шоты болған кезде тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру мақсатында түскен тұрғын үй төлемдерінің сомаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің хабарлама хатында көрсетілген деректемелерге сәйкес кейіннен мемлекеттік мекеменің банктік шотына аудару үшін оларды жеке арнайы шотына аудару үшін екінші деңгейдегі банкке жүгінуге міндетті.
3. Қызметтен шығарылған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші жеке арнайы және жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы