16-бап. Шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарды мониторингтеу Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Резидент заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында шот ашылғаны туралы осындай шотты пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырғанға дейін оған есептік нөмір беру үшін осындай шот бойынша мәліметтерді ұсыну арқылы хабардар етеді. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру резидент талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Резидент заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмірін көрсете отырып, шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында ашылған шотты пайдаланып жүргізілген операциялар бойынша ақпарат береді.
Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың деректемелері өзгерген немесе ол жабылған жағдайларда резидент заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
Резиденттің шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы есептік нөмір берілуге тиіс шоттары бойынша есептік нөмірі болған кезде ғана осындай шотты пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу жүзеге асырылады.
2. Резидент жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары туралы мәліметтерді ұсынбайды. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) ақша аударымдары туралы мәліметтерді осындай ақша аударымдарын жүзеге асыратын уәкілетті банк Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынады.
3. Резидент заңды тұлғалардың (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар үшін есептік нөмірлерді алу тәртібі, осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы жөніндегі есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, олардың шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот деректемелерінің өзгергені немесе оның жабылғаны туралы хабардар ету тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
Уәкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы есептерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
4. Осы баптың талаптары "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қолданылмайды.
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы