Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті, теріс теңгерімсіздікке шекті тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі Электр энергетикасы туралы Заңы

12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті, теріс теңгерімсіздікке шекті тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі Электр энергетикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті, теріс теңгерімсіздікке шекті тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі Электр энергетикасы туралы Заңы 

       1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      2. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген электр энергиясына шекті тарифтен аспайтын электр энергиясын өткізеді. 

Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына арналған шекті тарифтен асатын бағамен электр энергиясын өткізуді осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырады.

      Электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, әрбір жеті жыл сайын бекітіледі және қажет болған кезде түзетіліп отырады. 

      Электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін оның қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф енгізілетін жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады. 

      Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сағаттық мөлшерлемелер ескеріле отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеу үшін үстемеақыға ұлғайтылған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясына ең жоғары шекті тариф ретінде айқындалады. 

      Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін рұқсат етілген, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағасын білдіретін теріс теңгерімсіздіктерге шекті тариф Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясына ең төмен шекті тариф ретінде айқындалады. Бұл ретте уәкілетті орган осы Заңның 19-2-бабында көзделген жағдайларда энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын сату бағасының электр энергиясына арналған өзінің шекті тарифінен асып кетуінен алатын кірісін есепке алмайды.

      Электр энергиясына шекті тарифті түзету электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланылатын көмірге, газға, құрамында күкірт бар шикізатқа, мұнай өнімдеріне, электр энергиясын өндіру процесінде технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын суға баға құнының және (немесе) көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органның цифрлық жүйесін пайдалана отырып берілген уәкілетті органға жолданымы негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі. 

      Егер энергия өндіруші ұйым жоғарыда аталған шығындарға байланысты залал шеккен болса, уәкілетті орган электр энергиясына шекті тарифтерді түзету кезінде алты айдан аспайтын кезеңдегі шеккен шығындарды ескереді. 

      Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі. 

      Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына тарифтің шекті деңгейін бекіту немесе түзету қажеттігін растайтын құжаттарды уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы береді. 

       Осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есептің қорытындылары бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына шекті тарифтің деңгейін қайта қарайды. 

   Электр энергиясына шекті тарифті айқындау кезінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алуға байланысты шығындар есепке алынбайды.

      2-1. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті дербес, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді. 

      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті уәкілетті орган жылдарға бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітеді және қажет болған кезде саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіліп отырады. 

      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті айқындау үшін қолданысының алғашқы жеті жылына уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар 2015 жылы салған инвестициялардың жиынтық көлемі (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) пайдаланылады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3-тармақтың 1-5 абзацтары 2016.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.  

      3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады. 

      Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді. 

      Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады. 

      Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі. 

      Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       Осы абзац 2017.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.  

      Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       Осы абзац 2016.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.  

      Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды. 

      3-1. 2016.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.       4. Алып тасталды- ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       5. Алып тасталды- ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       6. Алып тасталды- ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.        

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы.  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ 

      Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде мерзімдерді айқындау тәртiбi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде мерзімдерді айқындау тәртiбi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы және үкiмдердiң ж...

Толық оқу »

61-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі ҚР ҚК оларды қосу кезінде жаза мерзімдерін айқындау тәртібі

61-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі ҚР ҚК оларды қосу кезінде жаза мерзімдерін айқындау тәртібі 1. Қылмыстардың жиынтығы мен үкімдердің жиынтығы...

Толық оқу »

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Есе...

Толық оқу »

724-бап. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде кірістерді айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

724-бап. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде кірістерді айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Оңайлатылған деклар...

Толық оқу »

56-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлесiн айқындау тәртiбi  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

56-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлесiн айқындау тәртiбi Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Егер учаскеге ортақ үлестiк м...

Толық оқу »

776-бап. Көмірсутектердің құнын айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

776-бап. Көмірсутектердің құнын айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі      1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттарында салықтық кезеңде өндір...

Толық оқу »

19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердiжазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы

19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердiжазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiҚызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқар...

Толық оқу »

17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы

17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібіТрансферттік баға белгілеу туралы Заңы      1. Шығындардың жалпы рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) с...

Толық оқу »

204-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалаушыны айқындау тәртібі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

204-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалаушыны айқындау тәртібіМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Осы Заңның 203-бабын...

Толық оқу »

17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы

17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібіТрансферттік баға белгілеу туралы Заңы      1. Егер осы Заңның 13-бабында өзгеше көзделмесе, осы За...

Толық оқу »

295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Есепті салықтық кезеңде...

Толық оқу »

296-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Налогового Кодекса Республики Казахстан

296-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Аяқтау әдісін қолданған кезде...

Толық оқу »

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Пропорционалды...

Толық оқу »