296-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Налогового Кодекса Республики Казахстан
1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салықтық кезеңде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша алынуға жататын осы келісімшарт бойынша жалпы кіріс сомасы мен ағымдағы салықтық кезеңнің соңындағы осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі
алу
алдыңғы салықтық кезеңдерде салық салу мақсаттарында осындай келісімшарт бойынша кіріс.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
А / (А+Б), мұнда:
А – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының алдыңғы және есепті салықтық кезеңдерінде осындай деп танылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар сомасы;
Б – ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының келесі салықтық кезеңдерінде жүргізілуге тиіс осындай келісімшарт бойынша шығыстар сомасы.
Б көрсеткішіне енгізілетін шығыстар сомасы жобалау-сметалық құжаттамаға (немесе жұмыстардың осындай түрлері мен көлемдері туралы мәліметтер қамтылатын және тапсырыс берушімен келісілген өзге де құжаттарға) сәйкес ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының келесі салықтық кезеңдерінде жүргізілуге тиіс жұмыстардың түрлері мен көлемдері негізінде айқындалады.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салықтық кезеңде осындай келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.
Кодекс Республики Казахстан от 18 июля 2025 года № 214-VIII ЗРК.
Президент
Республики Казахстан
© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела
__________________________
С 1 января 2026 года Признать утратившим силу Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) в связи введения в действие Налогового Кодекса от 18 июля 2025 года № 214-VIII ЗРК.
296-бап. Салық салудан босату Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
1) резидент бақыланатын шетелдік компанияға басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысқан немесе бақылау жасаған кезде;
2) резидент бақыланатын шетелдік компанияға бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысқан немесе бақылау жасаған кезде;
3) егер тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша пайда салығы салынған болса;
4) егер өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салық салынған болса;
5) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, егер бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан кем болса;
6) бақыланатын шетелдік компанияда "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) бақылаған кезде бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін резидентте мынадай құжаттар (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) болуға тиіс:
1) осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасын қолданған жағдайда:
осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген бақыланатын шетелдік компанияда резиденттің жанама қатысуын немесе жанама бақылауын растайтын құжаттардың көшірмелері,
немесе
резиденттің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, резидент қатысушысы (акционері) болып табылатын шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымын ашатын, осындай шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың атауы және олардың географиялық орналасқан жері (шоғырландырылған топқа қатысушылар жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атаулары), шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың қатысу үлестерінің мөлшері әрі мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлері (салықтық тіркеу болған кезде) көрсетілген құжаттың көшірмесі;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолданған жағдайда:
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның бекітілген жеке қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде төлем көзінен алынатын салықты қосқан жағдайда резидентте мыналар болуға тиіс:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықты ұстап қалуды және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударуды растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қолданған жағдайда:
бақыланатын шетелдік компанияда жанама иелену немесе жанама бақылау сол арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның бекітілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, резидент сол арқылы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, резидент сол арқылы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
резидент сол арқылы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде төлем көзінен алынатын салықты қосқан жағдайда резидентте мыналар болуға тиіс:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықты ұстап қалуды және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударуды растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
4) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасын қолданған жағдайда:
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің алынған кірістерінің сомаларын көрсете отырып, әрбір пассив кіріс түрінің бөлінісіндегі ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің алынған кірістерінің сомаларын көрсете отырып, әрбір пассив кіріс түрінің бөлінісіндегі ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба
3. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы