Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 182-1-бап. Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

182-1-бап. Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

182-1-бап. Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 

      1. Қабылдаушы тараптың: 

      1) жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдескені, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары үшін көтермелеуге; 

      2) жіберуші тараптың жұмыскерлерінен өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптардың мүлтіксіз сақталуын талап етуге; 

      3) персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың талаптарына сәйкес жіберуші тараптың жұмыскерлерін өз қаражаты есебінен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жіберуге құқығы бар. 

      2. Қабылдаушы тарап: 

      1) персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу кезінде жіберуші тарапқа өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ұсынуға міндетті. Қабылдаушы тарап өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ұсынбаған жағдайда, жіберуші тараптың персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасуына тыйым салынады; 

      2) профилактика жүргізу, өндірістік жабдық пен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіздеріне ауыстыру арқылы жіберуші тараптың жұмыскерлеріне қатысты жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға; 

      3) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқама жүргізуге; 

      4) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға; 

      5) жіберуші тараптың он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерінің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуге; 

      6) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды қолмен көтеруіне және жылжытуына жол бермеуге; 

      7) авариялық жағдайдың дамуын және жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жарақаттайтын факторлардың әсер етуін болғызбау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға; 

      8) жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалары мен кәсіптік ауруларын талдауды жүзеге асыруға; 

      9) жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды жіберуші тараппен бірлесіп тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге; 

      10) осы Кодексте көзделген жағдайларда, персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта көзделген тәртіппен жіберуші тарапты дереу хабардар ете отырып, жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмыстан шеттетуге міндетті. 

      Ескерту. 18-тарау 182-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

156-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

156-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғауд...

Толық оқу »

152-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбекті қорғау қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу

152-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбекті қорғау қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу 1. Өнеркәсіптік санитарияның қауіпсіздік техникасы қағидаларын немес...

Толық оқу »

93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  1. Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы...

Толық оқу »

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу 1. Қаза...

Толық оқу »

181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскердің:      1) еңбек қау...

Толық оқу »

182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс берушінің:      1) ж...

Толық оқу »

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырды

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырдыС. сотқа "Аджип Казах...

Толық оқу »

181-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

181-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жіберуші тар...

Толық оқу »

Бульдозер машинисінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығының үлгісі

Бульдозер машинисінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығының үлгісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негіз...

Толық оқу »