Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

  1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес қызметкерлерді міндетті және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі талаптарды бұзуы –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жұмыскерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, білімін тексеруден өткізу жөніндегі талаптарын орындамауы –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама беру (кіріспе нұсқамадан басқа) талаптарын орындамауы және (немесе) осы құжаттардың болмауы –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Осы баптың алтыншы бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

156-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

156-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғауд...

Толық оқу »

152-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбекті қорғау қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу

152-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбекті қорғау қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу 1. Өнеркәсіптік санитарияның қауіпсіздік техникасы қағидаларын немес...

Толық оқу »

179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы...

Толық оқу »

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу 1. Қаза...

Толық оқу »

181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскердің:      1) еңбек қау...

Толық оқу »

182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс берушінің:      1) ж...

Толық оқу »

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырды

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырдыС. сотқа "Аджип Казах...

Толық оқу »

181-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

181-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жіберуші тар...

Толық оқу »

Бульдозер машинисінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығының үлгісі

Бульдозер машинисінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығының үлгісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негіз...

Толық оқу »

182-1-бап. Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

182-1-бап. Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Қабылдаушы тараптың:...

Толық оқу »