Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 190-бап. Алаяқтық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

190-бап. Алаяқтық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

190-бап. Алаяқтық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену –

      мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

      4) ақпараттық жүйені немесе Интернет желісін пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен;

      5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық –

      мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Мынадай:

      1) ірі мөлшерде;

      2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

      3) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

      4) бірнеше рет жасалған алаяқтық –

      мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жымқырылған мүліктің екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

      1) қылмыстық топ жасаса;

      2) аса iрi мөлшерде жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің үш еселенгеннен бес еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткеніне байланысты қылмыстық істі тоқтату

Қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткеніне байланысты қылмыстық істі тоқтатуАлматы қаласы ПД Әуезов ауданының ПБ-мен өндірісте ҚР ҚК-нің 122-бабы, 1-бөлігі бой...

Толық оқу »

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық ісін тоқтату

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық ісін тоқтатуСудья алдын ала тыңдау барысында немесе бас сот талқылауында осы Кодекстің 3...

Толық оқу »

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату (алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ақша қаражатын иемдену)

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату (алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ақша қаражатын иемдену)Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Б. М.Т.-ны 2023 жылдан 20...

Толық оқу »

Қылмыстық істі тоқтату | қылмыстық істер бойынша Адвокат | жол-көлік оқиғалары бойынша адвокат

Қылмыстық істі тоқтату | қылмыстық істер бойынша Адвокат | жол-көлік оқиғалары бойынша адвокат10.08.2021 жылы Жітіқара РБ қабылдау бөлмесіне 1982 ж.Т. п. н.а. "бастың көгеруі,...

Толық оқу »

327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстiң3...

Толық оқу »

Он алты жасқа толмағанмен бірнеше рет сексуалдық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Он алты жасқа толмағанмен бірнеше рет сексуалдық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылғанОңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Толық оқу »