Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы 

      1. Қызметкерлерге мынадай арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беріледі: 

      1) қатардағы құрам: 

      қатардағы қызметкер; 

      2) кiшi басшы құрам: 

      кiшi сержант; 

      сержант; 

      аға сержант; 

      старшина; 

      3) орта басшы құрам: 

      кiшi лейтенант; 

      лейтенант, 3-сыныпты заңгер; 

      аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер; 

      капитан, 1-сыныпты заңгер; 

      4) аға басшы құрам: 

      майор, кіші кеңесші; 

      подполковник, кеңесші; 

      полковник, аға кеңесші; 

      5) жоғары басшы құрам: 

      генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші; 

      генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші; 

      генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші; 

      жоғары сыныпты мемлекеттік кеңесші. 

      2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер қызметкерлерге бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметке қатысы, еңбек сiңiрген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы ескерiле отырып, реттілік тәртібімен дербес берiледi. 

      3. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының немесе сыныптық шендерінің алдынан тиісті септікте, олардың қайсысына қатыстылығын көрсететін мынадай сөздер қосылады: 

      1) прокуратура органдарына – "әділет"; 

      2) ішкі істер органдарына – "полиция", "әділет"; 

      3) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);       4) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;       5) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);  

      7) мемлекеттік фельдъегерлiк қызметке – "фельдъегерлiк қызмет"; 

      8) азаматтық қорғау органдарына – "азаматтық қорғау"; 

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке – "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет";  -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIIІ ҚРЗ 

      10) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне – "экономикалық тергеп-тексеру қызметі. 

      4. Қызметте болудың шекті жасына жеткен немесе зейнетақыға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлердің арнаулы атақтарының немесе сыныптық шендерінің алдынан "отставкадағы" деген сөз қосылады. 

      5. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттарының қатарына қабылданған азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы атақтар беріледі. 

      6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұратын азаматқа, ол құқық қорғау органдарындағы басшы құрам лауазымына тағайындалғаннан кейiн, оның өзiнде бар әскери атағынан төмен емес арнаулы атақ немесе сыныптық шен беріледi. 

      7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға қабылданған) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріле отырып, бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерiнде бар арнаулы, әскери атақпен немесе сыныптық шенмен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады). 

      Құқық қорғау органына тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының, 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, өзі қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы, әскери атаққа немесе сыныптық шенге сәйкес келеді деп танылады. 

      Бұрынғы арнаулы, әскери атақта немесе сыныптық шенде болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi. 

      8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарына жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын лауазымды адамдарға олар сол қызметке орналасқан жағдайда арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруге құқық беретiн лауазымдар тiзбесiн, олардың өкiлеттiктерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 

      9. Бұрын "ішкі қызмет аға прапорщигі", "өртке қарсы қызмет аға прапорщигі", "ішкі қызмет прапорщигі", "өртке қарсы қызмет прапорщигі", "әділет аға прапорщигі", "әділет прапорщигі" әскери немесе арнаулы атақтары берілген адамдар осы Заңда көзделген негіздер бойынша өз қызметтерін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметтерін жалғастыруға құқылы. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік мін...

Толық оқу »

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды ад...

Толық оқу »

30-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру Техникалық реттеу туралы Заңы

30-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беруТехникалық реттеу туралы Заңы      1. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодт...

Толық оқу »

189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi...

Толық оқу »

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілерге лауазым...

Толық оқу »

Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде жасаған кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (жымқыру)

Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде жасаған кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (жымқыру)Сот істің нақты мән-жайларын дұрыс анықтап, сотталғандар...

Толық оқу »