26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы
1. Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін көтермелеу тәртібімен полковникті қоса алғанға дейінгі басшы құрамның кезекті арнаулы атағы немесе сыныптық шені мерзімінен бұрын (өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткенге дейін) не атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары берілуі мүмкін.
Кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер құқық қорғау органдарындағы ұзақ және мінсіз қызметі, аса күрделі тапсырмаларды орындауға байланысты қызмет бойынша жоғары нәтижелері үшін көтермелеу тәртібімен беріледі.
2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі.
3. Ғылыми немесе академиялық дәрежесi не ғылыми немесе академиялық атағы бар, бұл ретте құқық қорғау органының бiлiм беру ұйымында штаттық лауазымда қызмет атқаратын басшы құрам адамдарына кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенде атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғарылатып берiлуi мүмкiн.
4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрген жылдарының белгіленген мерзiмi өткен соң берiледi.
4-1. Кезектен тыс арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң, бірақ өзіндегі арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен бір сатыдан асырмай және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге қарамастан беріледі.
5. Кiшi басшы құрамдағы арнаулы атақтарды – уәкiлеттi басшы, ал орта және аға басшы құрамдағы арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді кезектен тыс, мерзiмiнен бұрын немесе бiр саты жоғары құқық қорғау органының басшысы бередi.
6. Кезектен тыс, мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер қызметкерге:
1) алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) өзіне қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде берілмейді.
7. Кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын не бір саты жоғары арнаулы атақтармен немесе сыныптық шендермен көтермелеу барлық негіздер бойынша құқық қорғау қызметінің бүкіл кезеңі ішінде екі реттен артық жүргізілмейді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы