Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сеніп тапсырылған мүлікті иелену арқылы жымқырған жəне көрінеу жалған сөз жеткізген

Сеніп тапсырылған мүлікті иелену арқылы жымқырған жəне көрінеу жалған сөз жеткізген

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сеніп тапсырылған мүлікті иелену арқылы жымқырған жəне көрінеу жалған сөз жеткізген

Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотының 2019 жылғы 12 шілдедегі үкімімен: К. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 176-бабы төртінші бөлігінің «б» тармағымен (1997 жылғы редакцияда) материалдық жауапты жұмыстармен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. - ҚК-нің 419-бабының екінші бөлігімен - 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. - ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігі негізінде К. түпкілікті материалдық жауапты жұмыстармен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге сотталған. Жаза өтеу мерзімі 2019 жылғы 12 шілдеден бастап есептелген. К.-дан мемлекет пайдасына 11 391 теңге мөлшерінде процестік шығын өндірілген. Заттай дәлелдемелердің мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабында бекітілген тәртіп бойынша шешілген. Сот үкімімен К. сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иелену арқылы жымқырғаны жəне қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін кінəлі деп танылған. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, К.-ні ҚК-нің 419-бабының екінші бөлігімен соттау бөлігінің күші жойылып, жаңа ақтау үкімі шығарылған. К. ҚК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің «б» тармағы бойынша іс-əрекеттері осы Кодекстің 254-бабына қайта сараланып, осы баппен 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының 2020 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен ҚК-нің 71-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағы негізінде К.-ні айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылған. Бас Прокурор наразылығында істің мән-жайы мен дәлелдемелерге сілтеме жасап, апелляциялық сот сатысы қылмыстық іс бойынша зерттелген барлық дәлелдемелер жиынтығымен даусыз анықталған жағдайларға объективті жəне тиісті баға бермегенін, сотталған К. материалдық жауапты тұлға болып табылатынын, компаниялардың 430 000 АҚШ долларын Ж.-ға беру үшін алғанын, соңғының пəтері толықтай оған сеніп тапсырылып қалдырылғанын, бұл пəтердің жатын жəне кіші бөлмелерінің кілттері тек қана онда болғаны дау тудырмайтынын, оның аталған компанияларда қандай да бір басқару қызметін атқармағанын, сондықтан ол ҚК-нің 254-бабында көзделген қылмыстың субъектісі болып табылмайтынын, бірінші сатыдағы сот оның іс-əрекеттерін ҚК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің «б» тармағымен жəне 419-бабының екінші бөлігімен дұрыс саралағанын көрсетіп, К.-ға қатысты апелляциялық сот сатысының қаулысы мен ақтау үкімінің күштерін жойып, бірінші сатыдағы соттың үкімін күшінде қалдыруды сұраған.

Сеніп тапсырылған мүлікті иелену арқылы жымқырған жəне көрінеу жалған сөз жеткізген

Адвокат А. өтінішхатында барлық сот актілерімен келіспей, қылмыстық іс бойынша қылмыстық-процестік заң нормалары бұзылғанын, сотталған К.-нің кінәсінің дәлелденбегенін, айыптау үкімі жәбірленуші өкілдерінің жалған жауаптары бойынша, болжамдарға ғана негізделгенін, К. жәбірленушілердің ақшасын жымқырып, шығын келтіргенін дәлелдейтін анық деректердің жоқтығынан, оның орыс тілін жетік меңгермегенін, аудармашы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяғында ғана қатыстырылғанын, сөйтіп оның құқығы бұзылғанын, іс материалдары оған өзі білетін тілге аударылып табыс етілмегенін көрсетіп, сот актілерінің күштерін жойып, К.-ні ақтауды сұраған. ҚПК-нің 485-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) тармақтарына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімдері мен сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарауға істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде негізсіз ақтау үкімін шығаруға немесе сотталған адамның іс-әрекетін дұрыс сараламауға жол берілген қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы негіздер болып табылады. Аталған қылмыстық іс апелляциялық сатыда қаралған кезде мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген. Бірінші сатыдағы сотта анықталғандай, К. еңбек шарты негізінде 2005 жылдан бастап ЖШС-да экономист болып қызмет атқарып, материалды жауапты тұлға болған. Сонымен қатар ол аталған компаниялардың директоры жəне бас құрылтайшысы Ж. мен оның жұбайы Ч.-мен араларында ерекше сенім орнауына байланысты 2007 жылдан бастап, соңғылардың қосымша жүктеген жұмыстарын (сатылған техникалардан түсетін қолма-қол ақшаларды алуды, жұмысшыларға өндірістік жəне басқа да қажеттіліктерге қолма-қол ақшаны беруді) қоса атқарған. 2014 жылдың қыркүйек айында Ж.-ға «асқазанның төртінші дəрежелі қатерлі ісігі» диагнозы қойылып, ол жəне Ч. 2014 жылғы 2 желтоқсанда өздерінің емделуге Жапонияға кететіндері туралы К.-ға айтқан. Ч. кетер алдында өздерінің Алматы қаласы, Сəтпаев көшесі, 24-үй, 8-пəтеріне қарауды К.-ге сеніп, оның сыртқы есігінің, жатын жəне кіші (гардероб) бөлмелерінің кілттерін тапсырып кеткен. Әрі қарай Ж.-ға емделуіне қаражат қажеттілігіне байланысты К.-ға телефон арқылы хабарласып, соңғыға екі компания бойынша сатылған техникалардан түскен ақшаларды жинап, 500 000 АҚШ долларын жеке есеп-шотына аударуды сеніп тапсырған.

Бұл жөнінде өзінің орынбасары Ш.-ға ескерткен. К. бірінші басшының емделуге қажетті ақшаларды жинау туралы нұсқауын пайдаланып, өзінің функционалдық міндеттерін атқара отырып, 2014 жылғы 18-27 желтоқсан аралығында өзі жұмыс істейтін жоғарыда көрсетілген компаниялардың кассасынан шығыс-кассалық ордерлерге қол қою арқылы сеніп тапсырылған, сол уақыттағы валюта бағамымен 77 400 000 теңгеге пара-пар болатын 430 000 АҚШ долларын иемденген. Содан кейін өзіне сеніп тапсырылған бұл ақшаны заңсыз иемдену мақсатында өзі иеленген аса ірі көлемдегі 430 000 АҚШ долларының ұрланғаны туралы 2015 жылғы 2 қаңтарда полицияға көрінеу жалған сөз жеткізіп, оны ұрлық бойынша жəбірленуші ретінде берген жауаптарында қуаттаған. Осылайша өзінің қасақана қылмыстық құқық бұзушылық іс-əрекеттерімен К. ЖШС-ға, яғни серіктестік директоры – жәбірленуші Ч.-ға барлығы 77 400 000 теңгеге, яғни аса ірі көлемде материалдық залал келтірген. Бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымы сот тергеуінде жан-жақты зерттеліп, тиісті баға берілген, дәйектілігі жағынан қандай да бір күмән келтірмейтін объективті дәлелдемелерге негізделген және істің нақты мән-жайларына толығымен сәйкес келеді. Аталған дәлелдемелер іс бойынша барлық мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеумен ұштастыра отырып, үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде егжей-тегжейлі келтірілген. Атап айтқанда 2005 жылғы 28 маусымдағы «М» ЖШС-мен және 2006 жылғы 1 наурыздағы «А» ЖШС-мен жасалған еңбек шарттарына сәйкес К. аталған екі бірдей компанияға да экономист ретінде қабылданып, 2007 жылғы 2 наурызда олардың араларында жасалған дербес материалдық жауапкершілік туралы шарт бойынша К. материалды жауапты тұлға болып танылған. К. өзінің тікелей қызметтік міндеттерін атқару барысында және бастығының тапсырмасын орындау мақсатында ЖШС-ның кассаларынан 430 000 АҚШ долларын алғаны шығыс-кассалық ордерлерімен және іс бойынша куә ретінде сұралған ЖШС қызметкерлерінің жауаптарымен толықтай дәлелденген. Сонымен қатар К. аталған ақша қаражатын ЖШС-дан алғаны, бұл қаражаттың ұрланғаны жөнінде Бостандық ауданының ІІБ-ге жәбірленуші ретінде берген оның жалған арызымен және осыған қатысты берген жауаптарымен де бекітілген. Ал заңды күшіне енген Әуезов аудандық сотының 2016 жылғы 13 қаңтардағы шешімімен К.-ден «М» ЖШС-ның пайдасына 62 073 000 теңге борышкерлік сома, 1 862 190 теңге мемлекеттік баж, барлығы 63 935 190 теңге, «А» ЖШС-ның пайдасына 15 327 000 теңге борышкерлік сома, 459 810 теңге мемлекеттік баж, барлығы 15 786 810 теңге өндіріліп, керісінше ЖШС-дан жоғарыда көрсетілген ақша сомаларын алды деген 9 шығыс-кассалық ордерлерін жарамсыз деп тану туралы К.-ның қарсы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Істің мұндай тұрғысында, К.-мен оның адвокаттарының алғашқының қызмет бабы бойынша ақша алатын адам болып саналмайтыны, оның ақша қаражаттарын ЖШС-дан шығыс-кассалық ордерлері негізінде алмағаны, бұл ордерлердің кейін жасалғаны, аталған компаниялардың кассасында ондай сомада ақша болмағаны туралы уәждері бірінші сатыдағы сотта және ЖШС-ның аталған соманы өндіру туралы талап арыздарына қатысты азаматтық істі қарау барысында жан-жақты тексеріліп, негізсіз деп дұрыс танылған. Бірінші сатыдағы және азаматтық істі қараған соттардың бұл тұжырымдары объективті дәлелдемелерге негізделген және істің мәнжайына толық сәйкес келмейтіндіктен, кассациялық сатыдағы сот та олармен толықтай келіседі.

Іс материалдарынан нақты анықталғандай, К. жәбірленуші Ж.-ның пәтерінде ұрлық болды деп полицияға жәбірленуші ретінде көрінеу жалған арыз берген кезде полиция қызметкерлері алған хаттамада оған жауапкершілігі ескертіле отырып, жиналған ақшаны Ж.-ға қалдырып кетті деп көрсетіп, ұрлық болғаны жөнінде жалған жауап берген. Бұл орайда К. Ж.-ның пәтерінің кілттері басқа адамдарда да болғаны, олардың да ақша ұрлауға қатысы болуы мүмкін екендігі туралы уәждері жанжақты тексеріліп, оның 2015 жылғы 2 қаңтардағы Ж.-ның пәтерінен ақша ұрланды деп берген арызы бойынша ҚК-нің 188-бабы төртінші бөлігінің 3) тармағымен қозғалған қылмыстық іс Бостандық ауданының прокуроры келіскен, осы ауданның ІІБ-нің тергеушісінің 2018 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысымен ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты іс қысқартылған. Алайда апелляциялық сатыдағы сот жəбірленуші Ч.-ның, куәлардың жауаптарына және қылмыстық іс бойынша жинақталған басқа да дəлелдемелерге құқықтық тұрғыдан тиісті баға бермей, оларды негізсіз жоққа шығарып, керісінше К.-нің сотта берген дәлелсіз жалаң айғағын негізге алып, куəлардың жауаптарын болжамдарға негізделген деп есептеп, К.-нің ақша ұрлығы туралы арызы бойынша қозғалған қылмыстық істің, қылмыс оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылғанын назардан тыс қалдырып, оны ҚК-нің 419-бабы екінші бөлігі бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты негізсіз ақтаған. Сонымен қатар апелляциялық сатыдағы сот К.-нің іс-әрекетін ҚК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің «б» тармағынан осы Кодекстің 254-бабына қайта саралауын да заңға негіздемеген. Жоғарыда аталғандай, Ж.-ның бірінші сатыдағы соттың үкімінде баяндалған мән-жайда өзінің пәтерін К.-ге сеніп қалдырғаны, бұл пәтердің жатын және кіші бөлмелерінің кілттері тек қана сонда ғана болғаны және компаниялардың кассаларынан шығыс-кассалық ордерлер арқылы оның 430 000 АҚШ долларын алғаны, оны Ж.-ға жіберуге тиісті болғаны, сол сияқты соңғының емделуіне қажет ақша қаражаттарын жинау туралы тапсырма алған уақыттан бастап, оның компания кассаларынан қанша ақша алғаны жəне оны Ж.-ның пəтерінде сақтағаны туралы ЖШС-ның басшыларына, шетелде емделіп жатқан Ж. мен оның жұбайы Ч.-ға хабарламағаны объективті түрде дәлелдерін тапқан.

Сеніп тапсырылған мүлікті иелену арқылы жымқырған жəне көрінеу жалған сөз жеткізген

Ал К. өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес сатылымнан түскен ақшаларды компаниялардың басшылығына жинап берумен айналысқанымен, оларды өз бетімен жұмсауға, мекемелердің құжаттарына өз атынан қол қоюға немесе кассалық операцияларды жасауға құқығы болмаған, яғни ол ЖШС-да басқару функцияларын орындайтын адам болып табылмайды. Алайда апелляциялық сатыдағы сот бұл мән-жайларды да жоққа шығармай, К.-ның ЖШС-да басқару функцияларын орындайтын адам ретінде өз қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиісінше орындамауы деп, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмайтынына қарамай, оның іс-әрекетін ҚК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің «б» тармағынан негізсіз осы Кодекстің 254-бабына қайта саралаған. Демек бірінші сатыдағы соттың К.-ның қылмыстық іс-әрекеттерін ҚК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің «б» тармағымен саралауы заңды әрі негізді, өйткені ол жәбірленушілердің өзіне сеніп тапсырған аса ірі мөлшердегі мүлкін иемдену арқылы жымқырған. Мұндай жағдайда, К.-нің оның мүддесін қорғап келтірген адвокат А.-ның өтінішхатында және Бас Прокурордың наразылығына келтірген адвокат У.-дың қарсылығында, тағылған айыптар бойынша К.-ның кінәсінің дәлелденбегені жөніндегі уәждері негізсіз болып табылады. Ал К.-нің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде орыс тілін жетік білмегендігі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның құқығын бұзғандығы, іс құжаттары сотталғанның білетін тіліне аударылмағаны туралы уәждері төменгі сатыдағы соттарда егжей-тегжейлі тексеріліп, қандай да бір заң бұзушылықтар анықталмаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған К.-ге қатысты апелляциялық сот алқасының қаулысы мен ақтау үкімінің күштерін жойып, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. К.-ге қатысты бірінші сатыдағы соттың 2020 жылғы 10 сәуірдегі қаулысының күші жойылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды. Адвокат А.-ның К.-нің мүддесін қорғап келтірген өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

21-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру  Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

21-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру Cот-сараптама қызметі туралы Заңы      1. Сот сарапшысы біліктілігін беру Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және практикалық...

Толық оқу »

22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкерлерге мынадай арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беріледі:      1) қат...

Толық оқу »

26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік мін...

Толық оқу »

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды ад...

Толық оқу »

30-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру Техникалық реттеу туралы Заңы

30-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беруТехникалық реттеу туралы Заңы      1. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодт...

Толық оқу »

189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi...

Толық оқу »

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілерге лауазым...

Толық оқу »

Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде жасаған кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (жымқыру)

Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде жасаған кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (жымқыру)Сот істің нақты мән-жайларын дұрыс анықтап, сотталғандар...

Толық оқу »