Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 228-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

228-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

228-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Iрi залал келтiрген, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2 Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

205-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын бұзу

205-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын бұзу 1. Ірі залал келтірген бағалы қағаздармен опе...

Толық оқу »