892-бап. Акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Сенiмгер басқарушының сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген және (немесе) сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен не сенiп тапсырылған мүлiктi пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен сатып алынған акциялармен және өзге де бағалы қағаздармен операциялар жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiк басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының (мүлік меншік иесінің немесе мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге уәкілеттік берілген құзыретті органның) шоты бойынша көрсетiлуге жатады.
3. Егер мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актiде өзгеше көзделмесе, сенiмдер басқарушы өзiне сенiп тапсырылған акцияларды (акцияны) басқару кезiнде:
1) акционерлік қоғамды басқаруға қатысады;
2) акцияларға тиесілі дивидендтер алады және оларды пайда алушыға бередi;
3) акционерлiк қоғам таратылған жағдайда акцияға тиесiлi мүлiктi алады және оны шартқа сәйкес пайда алушыға немесе құрылтайшыға бередi;
4) акцияларды иелiктен айыруды және кепiлдiктi қоса алғанда, олармен өзге де операцияларды жүзеге асырады.
3-1. Сенiмгерлiк басқаруға берілген акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуы, егер акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару шартында және (немесе) иеліктен шығару шартында өзгеше көзделмесе, осы бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруды тоқтатады.
Акциялар мен бағалы қағаздарға меншік құқығы ауысқан жағдайда, акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару құрылтайшысына қатысты белгіленген осы тараудың талаптары сенімгерлік басқарудағы акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жаңа меншік иесіне қолданылады.
4. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарудың ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы