Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 32-бап. Куә Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

32-бап. Куә Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

32-бап. Куә Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі   

      1. Әкімшілік істі қарау және шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайлар туралы қандай да бір мәліметтер белгілі болуы мүмкін адам куә болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) қарауға өзі қатысқан істің мән-жайлары туралы – судья;

      2) өз міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – төреші, алқаби;

      3) өкілдің немесе қорғаушының міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өкілдер, қорғаушылар;

      4) тәубаға келу үстінде өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – діни қызметші;

      5) өзінің жасының толмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай әкімшілік іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақтар беруге қабілетсіз адам;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;

      7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген өзге де адамдар куә ретінде жауап алуға жатпайды.

      3. Куәнің:

      1) өзіне, жұбайына (зайыбына) және аясы заңда айқындалатын жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартуға;

      2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақтар беруге;

      3) әкімшілік сот ісін жүргізуде аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

      4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

      5) әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беруге, өзінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатысты өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

      4. Куә:

      1) соттың шақыруы бойынша келуге;

      2) әкімшілік іс бойынша белгілі болғанның бәрiн шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;

      3) тыңдау және сот отырысы кезінде белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

      5. Егер куә өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәліметтер дәлелдемелер болып табылмайды.

      6. Куәнің тыңдауға келуі мүмкін болмаған жағдайда, оның айғақты жазбаша нысанда беруге құқығы бар. Бұл жағдайда куә әрбір бетті өзінің қолымен куәландыруға тиіс. Куәнің қолымен куәландырылған айғақ қол қойылған күні көрсетіле отырып, лауазымды адамның қолымен расталады.

      7. Куә ретінде шақырылған адам, осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, сотқа белгіленген уақытта келуге, қаралып жатқан әкімшілік істің мәні бойынша жеке өзіне белгілі мәліметтерді хабарлауға, соттың және әкімшілік процеске қатысушылардың қосымша сұрақтарына жауап беруге міндетті.

      8. Егер куә сырқатының, кәрілігінің, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан сотқа шақыру бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан оның болатын жерінде жауап алуы мүмкін.

      9. Егер куә сотқа шақыру бойынша келе алмайтын болса, ол келе алмау себептерін көрсете отырып, бұл туралы сотқа күні бұрын хабарлауға міндетті.

      10. Куә әкімшілік сот ісін жүргізуде көрінеу жалған айғақтар бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақтар беруден бас тартқаны үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

      11. Куәнің сотқа шақыруға байланысты шығыстарды өтеттіруге құқығы бар. Шығыстар мен өтемақының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы  

65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куә ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған ада...

Толық оқу »

77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру  Нотариат туралы Заңы

77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру Нотариат туралы Заңы      Нотариус азамат ұсынған құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын, азаматтың құжатқа қойған қолыны...

Толық оқу »

530-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

530-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Уәкілетті орган Комиссия айқындайтын нысан бойынша у...

Толық оқу »

203-бап. Баланың туу туралы куәлігі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

203-бап. Баланың туу туралы куәлігі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Баланың туу туралы куәлігі мынадай мәліметтерді:      1) б...

Толық оқу »

274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:      1) қай...

Толық оқу »

13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк  Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландыр...

Толық оқу »

432-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік және оның типтері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

432-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік және оның типтері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Уәкілетті экономикалық операт...

Толық оқу »

17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлік Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлікЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      1. Қайтып оралуға арналған куәлік:      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – ол...

Толық оқу »

78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру  Нотариат туралы Заңы

78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру Нотариат туралы Заңы      Нотариус құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын, осы көшiрме нота...

Толық оқу »

237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік...

Толық оқу »

76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру Нотариат туралы Заңы

76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыруНотариат туралы Заңы      1. Нотариус немесе нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi л...

Толық оқу »

80-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің айғақтары

80-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің айғақтары1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да бір мәліметтерді білетін кез келг...

Толық оқу »

247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы...

Толық оқу »

754-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің куәгері

754-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің куәгері 1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша куәгер ретінде, егер заңд...

Толық оқу »