Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 78-бап. Куә ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

78-бап. Куә ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

78-бап. Куә ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.

      2. Мыналар:

      1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби;

      2) төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы — төрешi;

      3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;

      4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi;

      5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам;

      6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;

      7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы;

      8) лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

      3. Куәнiң:

      1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға;

      2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;

      3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

      4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

      5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;

      6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

      Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.

      Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.

      4. Куә:

      1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;

      2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;

      3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;

      4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

      5. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      6. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Куә осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

      8. Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куә ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған ада...

Толық оқу »

77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру  Нотариат туралы Заңы

77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру Нотариат туралы Заңы      Нотариус азамат ұсынған құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын, азаматтың құжатқа қойған қолыны...

Толық оқу »

530-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

530-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Уәкілетті орган Комиссия айқындайтын нысан бойынша у...

Толық оқу »

203-бап. Баланың туу туралы куәлігі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

203-бап. Баланың туу туралы куәлігі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Баланың туу туралы куәлігі мынадай мәліметтерді:      1) б...

Толық оқу »

274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:      1) қай...

Толық оқу »

13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк  Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландыр...

Толық оқу »

432-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік және оның типтері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

432-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік және оның типтері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Уәкілетті экономикалық операт...

Толық оқу »

17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлік Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлікЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      1. Қайтып оралуға арналған куәлік:      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – ол...

Толық оқу »

78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру  Нотариат туралы Заңы

78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру Нотариат туралы Заңы      Нотариус құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын, осы көшiрме нота...

Толық оқу »

237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік...

Толық оқу »

76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру Нотариат туралы Заңы

76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыруНотариат туралы Заңы      1. Нотариус немесе нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi л...

Толық оқу »

80-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің айғақтары

80-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің айғақтары1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да бір мәліметтерді білетін кез келг...

Толық оқу »

247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы...

Толық оқу »

754-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің куәгері

754-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің куәгері 1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша куәгер ретінде, егер заңд...

Толық оқу »