Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

      Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн.

      Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.

      2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

      3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.

 

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

6-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

6-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы      1. Жауапкершілігі шекте...

Толық оқу »

19-бап. Әкімшілік рәсімдегі құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

19-бап. Әкімшілік рәсімдегі құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Әкімшілік рәсімде құқықтар мен мінде...

Толық оқу »

1095-бап. Жеке адамның құқық қабiлеттiлiгi мен әрекетке қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1095-бап. Жеке адамның құқық қабiлеттiлiгi мен әрекетке қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi оның жеке заңы...

Толық оқу »

35-бапқа түсініктеме. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің құқықтық қабілеттілігі

35-бапқа түсініктеме. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің құқықтық қабілеттілігі Заңды тұлғаның (жеке тұлға сияқты) құқықтық қабілеті - бұл оның қоғамды...

Толық оқу »