Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы 

      1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі. 

      Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ. 

      2. Қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиыны жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелер: 

      1) жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау; 

      2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысының жиырма бес адамға дейінгі мөлшердегі құрамын айқындау; 

      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу; 

      4) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау; 

      4-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау; 

4-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы туралы олардың жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;

      5) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау; 

      6) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі. 

      3. Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер: 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       1) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).  

      1) бағдарламалық құжаттардың, аудандық маңызы бар қалаларды, ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді дамыту жоспарларының жобаларын талқылау және қарау; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       1-1) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).  

      1-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу; 

      1-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу; 

      2) халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).       ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).  

      3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру; 

      4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       4-1) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).  

      4-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу; 

      4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беру; 

      4-3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда одан әрі ұсыну үшін келісу; 

      4-4) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау; 

      4-5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу; 

      5) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3-1-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).  

      3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысын құру мен оның қызметінің тәртібі аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты бекітетін жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде айқындалады. 

      Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысын ұйымдастыру және тарату туралы шешімді осы Заңға сәйкес жергілікті қоғамдастық жиыны қабылдайды.

      4. Мониторинг аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің бекітілген көрсеткіштерінің атқарылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жинақтап қорыту мақсатында жүргізіледі. 

      Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті көрсеткіштерінің жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       4-тармақтың үшінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).  

      Жергілікті қоғамдастық комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу үшін мамандар тартуға құқылы. 

      Мониторинг жүргізу бойынша әдіснамалық және әдістемелік басшылықты бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган қамтамасыз етеді. 

      Жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарылады. 

      Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөнінде ұсынымдар қабылдайды. 

      Тиісті аумақ әкімі жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиналысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытынды енгізеді. 

      5. Жергілікті қоғамдастық жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерінің өздері шақыруы мүмкін не осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар әрі оны шақыру қажеттігі туралы өтінішке тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және тұрғылықты жерін көрсете отырып, қол қойған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін. 

Жергілікті қоғамдастық жиынының бастамашылары тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы болжамды жиын күнінен он күн бұрын хабардар етуге міндетті.

      Тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмінің оң шешімі алынғаннан кейін жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізуге жол беріледі. 

5-1. Жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу регламентінде айқындалады.

      Жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

      6. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізуге жол беріледі. 

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады. 

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әзірлейді және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары бекітеді. 

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді. 

      7. Жергілікті қоғамдастық жиналысын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерінің өздері шақыруы мүмкін не ол жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін. 

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдері ұйымдастырады. 

      Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей құлағдар етілетін осы баптың 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен құлағдар етіледі. 

      9. Жергілікті қоғамдастық жиыны осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. 

      Жергілікті қоғамдастық жиналысы оған жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген мүшелердің кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. 

9-1. Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің талқылауға және шешімдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ететін цифрлық объектілерді пайдалана отырып өткізуге жол беріледі.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері немесе олар уәкілеттік берген тұлға ашады. 

      Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы сайланады. Күн тәртібін жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы бекітеді. 

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда: 

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны; 

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны; 

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім; 

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); 

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі. 

      Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне беріледі. 

      11. Жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі. 

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді. 

      12. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің міндетті түрде қарауына жатады. 

      13. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. 

      14. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды. 

 

Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258 Заңы. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.   

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

155-бап. Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

155-бап. Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Бейбіт жиналысты, өзге де заңды жария...

Толық оқу »

Жалпы жиналысты өткізу бойынша ЖШС қатысушылары арасындағы даулар, кворум болмаған жағдайда қатысушылардың жалпы жиналысы бірінші шақырылған күннен бастап қырық бес күннен кешіктірілмей қайта шақырылады

Жалпы жиналысты өткізу бойынша ЖШС қатысушылары арасындағы даулар, кворум болмаған жағдайда қатысушылардың жалпы жиналысы бірінші шақырылған күннен бастап қырық бес күннен кеш...

Толық оқу »

43-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының құзыреті Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

43-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының құзыреті Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы   1....

Толық оқу »

24-бап. Кредиторлар жиналысын шақыру тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы

24-бап. Кредиторлар жиналысын шақыру тәртібіОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, кредиторлар жиналысын ұйымдастыру мен өткізуді әкім...

Толық оқу »

75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігі Оңалту және банкроттық туралы Заңы

75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігіОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша әкімші кредиторлар талаптарыны...

Толық оқу »

36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:     ...

Толық оқу »

77-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң, қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметiне кедергi келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

77-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң, қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметiне кедергi келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Ескерту. 77-...

Толық оқу »

150-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне кедергі жасау

150-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне кедергі жасау Лауазымды адамның қызметтік жағдайын пайдалана отыр...

Толық оқу »

363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөл...

Толық оқу »

436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтың алқаби міндетін орындауына лауазымды адамның кедергі ж...

Толық оқу »

377-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметіне кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

377-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметіне кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотыны...

Толық оқу »

158-бап. Журналистiң заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

158-бап. Журналистiң заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Журналисті ақпаратты таратуға не таратудан бас тартуға мәжбүрлеу...

Толық оқу »

150-бап. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

150-бап. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Азаматтың өзінің сайлау құқы...

Толық оқу »

462-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің қаулыларын, нұсқамаларын және өзге де талаптарын орындамау

462-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау...

Толық оқу »

126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіру...

Толық оқу »

103-бап. Сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығына кедергiкелтiру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

103-бап. Сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығына кедергiкелтiру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Президенттiкке, депутаттыққа немесе өз...

Толық оқу »

126-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және байқаушылардың сенім білдірілген адамдарының заңды қызметіне кедергі жасау

126-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің...

Толық оқу »

321-1-бапқа түсініктеме. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды талаптарын орындамауы

321-1-бапқа түсініктеме. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды талаптарын орындамауы Егер бұл азаматтардың нем...

Толық оқу »

74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Р...

Толық оқу »

154-бап. Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның өзі...

Толық оқу »

365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе менш...

Толық оқу »

507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Ұлттық алдын алу тетігіне қ...

Толық оқу »

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50-бабы...

Толық оқу »

668-2-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының заңды қызметіне кедергі келтіру Қазақстан Республикасының Кодексі

668-2-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының заңды қызметіне кедергі келтіру Қазақстан Республикасының Кодексі     ...

Толық оқу »

155-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК журналисінің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау

155-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК журналисінің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау 1. Журналистің заңды кәсіби қызметіне оны ақпарат т...

Толық оқу »

462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулылар...

Толық оқу »

189-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау

189-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықт...

Толық оқу »

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсе...

Толық оқу »

80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Медиц...

Толық оқу »

668-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

668-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі   Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясы...

Толық оқу »

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына кедергі жасау

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына кедергі жасау 1. Адамның Қазақстан Р...

Толық оқу »