668-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң, заң консультанттарының заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –
лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы