Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 413-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың сомаларын есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

413-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың сомаларын есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

413-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың сомаларын есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Резидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алған кірістерден Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде жеке табыс салығының мөлшерлемесі шегінде осы Кодекстің 346-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс. 

     2. Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы есепке жатқызуға жатады: 

     Се = П х Ү х Тм/100%, мұнда: 

     Се –шетелдік табыс салығының есепке жатқызылуға жататын сомасы; 

     П – осы Кодекстің 399-бабына сәйкес резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілген, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы; 

     Ү – осы Кодекстің 335-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау коэффициенті; 

     Мт – осы Кодекстің 332-бабына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме. 

     Осы тармақтың ережелері шетелдік табыс салығы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан мыналар тіркелген мемлекеттерде 10 пайыздан аз болатын тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда қолданылады: 

     1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі; 

     2) тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания; 

     3) резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) сол арқылы жанама иеленетін не оның жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлға. 

     Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынса, онда тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінен барынша көп шаманы құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы абзацтың ережелері: 

     1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленген немесе жанама бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау сол (солар) арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (тұлғалар) тіркелген) екі және одан көп шет мемлекетте төленген кезде,  

     немесе 

     2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иеленген немесе тікелей бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы: 

     бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі; 

     тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады. 

     Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті иеленген не резиденттің тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті бақылауы болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға тиіс. 

     Осы тармақты қолдану үшін резидентте осы Кодекстің 346-бабының 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болуға тиіс.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Шот-фактура:  

      1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей; 

      2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей; 

      3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша; 

      3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей; 

      4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. 

      2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күні немесе жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз тоқсан бес күн ішінде жүзеге асырылады. 

      3. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.  

      4. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері осы Кодекстің 420-бабында белгіленеді.  

      Осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған кезде қосымша шот-фактураны лизинг беруші осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді. 

      Ескерту. 413-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

5-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ұқсастығы бойынша азаматтық заңнаманы қолдану

5-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ұқсастығы бойынша азаматтық заңнаманы қолдану Аналогияны қолдану бұрынғы ҚазКСР МК көзделмеген, бірақ АІЖК рұқ...

Толық оқу »

5-бап. Азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

5-бап. Азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуыҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Осы Кодекстiң 1-бабындағы 1 және 2-тармақтарда көзделген қатынастар заңда...

Толық оқу »

Сот практикасында даулар автордың мүліктік құқықтарын басқару жөніндегі бір ұйым ұжымдық негізде талап қойған кезде де орын алады, ал жауапкерде басқа ұқсас ұйыммен лицензиялық шарт жасалады.

Сот практикасында даулар автордың мүліктік құқықтарын басқару жөніндегі бір ұйым ұжымдық негізде талап қойған кезде де орын алады, ал жауапкерде басқа ұқсас ұйыммен лицензиялы...

Толық оқу »

32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердiтұтынатын адамдарды анықтау Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердiтұтынатын адамдарды анықтау Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы ме...

Толық оқу »

29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеуҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      1. Ата-анасыны...

Толық оқу »

Трансферттік баға белгілеу және ұқсас салыстырмалы жағдайларда нарықтық бағалар туралы ресми ақпарат дифференциалды қосымша пайдаланбай салыстырмалы бақыланбайтын баға әдісін қолдануға жатады.

Трансферттік баға белгілеу және ұқсас салыстырмалы жағдайларда нарықтық бағалар туралы ресми ақпарат дифференциалды қосымша пайдаланбай салыстырмалы бақыланбайтын баға әдісін...

Толық оқу »

13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі Құқықтық актілер туралы Заңы

13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібіҚұқықтық актілер туралы Заңы      1. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған кезде заң ұқсас...

Толық оқу »