498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, оларды белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алу мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда кедергi келтіру –
лауазымды адамдарға және жеке сот орындаушыларына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы