Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 417-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация Қазақстан Республикасының Салық кодексі

417-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

417-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, резидент-жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны есепті салықтық кезең ішінде мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде ұсынады: 

     1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар; 

     2) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары (зайыптары); 

     3) кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісті алған жеке тұлғалар; 

     4) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар жеке тұлғалар; 

     5) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлкі:  

     мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын құқықтар және (немесе) мәмілелер;  

     эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар; 

     Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; 

     Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері; 

     инвестициялық алтыны бар жеке тұлғалар; 

     6) есепті салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын жиынтық құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті: 

     мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті; 

     мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді; 

     заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін; 

     бағалы қағаздарды; 

     туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда); 

     тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін; 

     инвестициялық алтынды сатып алған адамдар. 

     Мүліктің жиынтық құны есепті салықтық кезең ішінде оны сатып алу бағаларын жинақтау арқылы айқындалады. 

     7) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар адамдар; 

     8) осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасында көзделген кестенің 2-жолында көрсетілген жеке табыс салығының мөлшерлемесі қолданылған жалғыз кіріс көзі болып табылатын, төлем көзінен салық салуға жататын жұмыскердің кірісін алғандарды қоспағанда, осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасында көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезең үшін салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінен асатын сомада кірістер алған жеке тұлғалар; 

     9) есепті салықтық кезең үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданылатын 230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада дивидендтер түрінде кіріс алған жеке тұлғалар. 

     Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында айқындалған жағдайларда туындайтын табыстар мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттемелер ағымдағы есепті кезеңде осы Кодекстің 422-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндетті орындайтын тұлғаларға қолданылмайды. 

     2. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда декларация жасалған күнге: 

     1) жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде – жеке тұлғалар арасында түзілген басқа тұлғалардың жеке тұлғаға дебиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға кредиторлық берешегі көрсетіледі. 

     Осы тармақшада көрсетілген берешекті декларацияны ұсынудың осы Кодекстің 418-бабында белгіленген мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруға тиіс; 

     2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банк ұйымдарына, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде – жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын дара кәсіпкер арасында түзілген; 

     3) заңды күшіне енген сот шешімімен расталған басқа тұлғалардың жеке тұлғаға дебиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға кредиторлық берешегі көрсетіледі. 

     Осы тармақта көрсетілген құжаттар кірістер мен мүлік туралы декларациямен бір мезгілде ұсынылады. 

     Растайтын құжаттары ұсынылмаған берешек нөлге тең деп есептеледі. 

     Бұл ретте кірістер мен мүлік туралы декларацияда берілген лицензия негізінде әрекет ететін АХҚО қатысушысының қарыздық краудфандингтік платформасын пайдалана отырып жасалған шарт бойынша дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешектер көрсетілмейді. 

     3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды. 

     4. 1-тармақтың 1), 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда мүлікті сатып алу, иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы, сондай-ақ мынадай мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерден сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді де көрсетеді: 

     1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік; 

     2) мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдары мен тіркемелер; 

     3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері; 

     4) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; 

     5) бағалы қағаздар; 

     6) цифрлық активтер; 

     7) туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда); 

     8) инвестициялық алтын; 

     9) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері. 

     5. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді. 

     Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшада көрсетіледі.  

     6. Осы Кодексті қолдану мақсатында кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның салықтық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды. 

     7. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 

     8. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 418-бабында белгіленген мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынбауы осындай жеке тұлғада: 

     жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістердің; 

     осы бапта белгіленген мүліктер мен міндеттемелердің жоқ екенін растау болып есептеледі.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

417-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкіл жүзеге асыратын жағдайларда: 

      1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе өнім беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген өкілдің атынан жазылады; 

      2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі. 

      2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі. 

      3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген өкіл тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді осындай қызмет шеңберінде сатып алған жағдайларда, өнім берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда: 

      1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген өкілдің деректемелері; 

      2) сатып алу сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы бөлініп көрсетілуге тиіс. 

      4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер соны жүзеге асыру үшін сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс. 

      5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде қолданылмайды. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Комментарий к статье 143. Незаконное нарушение тайны переписки, телефонных переговоров, почтовых, телеграфных или иных сообщений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 143. Незаконное нарушение тайны переписки, телефонных переговоров, почтовых, телеграфных или иных сообщений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан...

Толық оқу »

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жеке тұлғал...

Толық оқу »

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессе Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В уголовном процессе рассматриваются...

Толық оқу »

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың т...

Толық оқу »

16-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

16-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясы ҚР ҚПК Қазақстан Республи...

Толық оқу »

706-бап. Жүктердi тасымалдау жөнiндегi талаптар мен талап қоюлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

706-бап. Жүктердi тасымалдау жөнiндегi талаптар мен талап қоюлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Тасымалдаушыға жүктi тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дей...

Толық оқу »

10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін...

Толық оқу »

209-бап. Азаматтардың жеке хат жазысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

209-бап. Азаматтардың жеке хат жазысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Азаматтардың жеке хат жаз...

Толық оқу »

Комментарии к статье 10. Неприкосновенность частной жизни. Тайна переписки, телефонных переговоров, почтовых, телеграфных и иных сообщений Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарии к статье 10. Неприкосновенность частной жизни. Тайна переписки, телефонных переговоров, почтовых, телеграфных и иных сообщений Гражданского процессуального кодекс...

Толық оқу »

Комментарии к статье 209. Оглашение и исследование личной переписки и телеграфных сообщений граждан Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарии к статье 209. Оглашение и исследование личной переписки и телеграфных сообщений граждан Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан В целях охраны...

Толық оқу »

120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа...

Толық оқу »

413-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың сомаларын есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

413-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың сомаларын есепке жатқызу Қазақс...

Толық оқу »

414-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

414-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шам...

Толық оқу »

416-бап. Салық декларациясы жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

416-бап. Салық декларациясы жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жеке тұлғалар салық декларацияларының мынадай түрлерін ұсынады:     1) кірі...

Толық оқу »

418-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

418-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен...

Толық оқу »

121-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

121-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       Дау...

Толық оқу »

280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Респу...

Толық оқу »

498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар Әкімшілік құқық...

Толық оқу »

131-бап. Әкімшілік талап қою, оның нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

131-бап. Әкімшілік талап қою, оның нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі1. Әкімшілік сотта әкімшілік іс талап қою негізінде қозғала...

Толық оқу »