Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 42-бап. Түзеу жұмыстары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

42-бап. Түзеу жұмыстары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

42-бап. Түзеу жұмыстары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

 

1 Түзеу жұмыстары – осы Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндіріп алу.

2 Түзеу жұмыстары алименттерді, жарақаттануға немесе денсаулықтың өзге де зақымдануына, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу есебіне мерзімдік төлеуге (өндіріп алуға) жататын қаражатты шегергенде, сотталған адамның жалақысының (ақшалай үлесінің) оннан елу пайызға дейінгісін ай сайын ұстап қалу және Жәбірленушілерге өтеу қорына аудару арқылы орындалады.

3 Түзеу жұмыстары қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден он мыңға дейінгі шегінде белгіленеді.

4 Түзеу жұмыстарын тағайындау кезінде сот олардың көлемін қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын, сотталған адамның мүліктік және отбасылық жағдайын ескере отырып айқындайды.

5 Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, сотталған адам жазаның қалған бөлігін орындаудан босатылуы мүмкін не орындалмаған бөлік айыппұлмен ауыстырылады. Түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін өзге мән-жайлар туындаған жағдайда, олар:

      1) қылмыстық теріс қылық үшін сотталғандарға – өндіріп алынбаған бір айлық есептiк көрсеткiш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты, өндіріп алынбаған төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не қамаққа алуға;

      2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталғандарға – өндіріп алынбаған төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыруға;

      3) ауыр қылмыс үшін сотталғандарға өндіріп алынбаған төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

6 Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ жазаны ауыстыру кезінде түзеу жұмыстарының мөлшері осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.

7Түзеу жұмыстары еңбекке қабілетсіз деп танылған не тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орындарында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға тағайындалмайды.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі       1. Еңбекке жарамд...

Толық оқу »

139-бап. Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

139-бап. Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға ар...

Толық оқу »

Көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған балаларды немесе еңбекке жарамсыз ересектерді күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіру

Көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған балаларды немесе еңбекке жарамсыз ересектерді күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіру Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 1...

Толық оқу »

Еңбекке жарамсыз деп танылған немесе оқу орындарында білім алып жүрген адамдарға түзеу жұмыстары тағайындалмайды

Еңбекке жарамсыз деп танылған немесе оқу орындарында білім алып жүрген адамдарға түзеу жұмыстары тағайындалмайдыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚК РК) 42-бабы...

Толық оқу »