46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы, қабылдау-бөлу орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Арнаулы қабылдау орындарында, қабылдау-бөлу орындарында, уақытша ұстау изоляторларында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тыс жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.
Әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнаулы құралдар қолданылуы мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Арнаулы қабылдау орындарында, қабылдау-бөлу орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тамақпен күзетпен ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторында отырғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.
4. Арнаулы қабылдау орындарына, қабылдау-бөлу орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған ерлер әйелдерден бөлек орналастырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, венерологиялық және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар әкімшілік қамауға алынған басқа адамдардан, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан оқшауландырылады.
6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахталарда ұсталады.
Әскери қызметшілердің гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
 
                                             
                                            