29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
Ескерту. 29-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету:
мемлекеттің алдында өздеріне сеніп тапсырылған, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жарияламау жөнінде жазбаша міндеттеме қабылдауын;
осы Заңның 32-бабына сәйкес өз құқықтарының ішінара, уақытша шектелуіне келісімін;
өкілетті органдардың оларға қатысты тексеру шараларын жүргізуіне жазбаша келісімін;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы оны бұзғаны үшін жауаптылық көзделетін заңдармен таныстыруды;
мемлекеттік орган немесе ұйым басшысының ресімделуші адамға мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету туралы шешім қабылдауын көздейді.
Тексеру шараларының көлемі ресімделуші адамға рұқсат етілетін мәліметтің құпиялық дәрежесіне байланысты болады.
Әкімшілік пен ресімделуші адамның өзара міндеттемелері мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ресімделгенге дейін осындай рұқсат етудің тиісті нысанын талап ететін қызметіне жол берілмейді.
2. Лауазымды адамдар мен азаматтарға мемлекеттік құпияларға рұқсат етудің мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің үш құпиялық: ерекше маңызды, өте құпия немесе құпия дәрежелеріне сәйкес келетін үш нысаны белгіленеді. Лауазымды адамдар мен азаматтардың неғұрлым жоғары дәрежедегі мәліметтерге рұқсатының болуы құпиялық дәрежесі одан төменірек мәліметтерге рұқсат етуге негіз болып табылады.
3. Лауазымды адамдар мен азаматтарға мемлекеттік құпияларға рұқсат етілуін ресімдеудің немесе қайта ресімдеудің мерзімдерін, мән-жайларын және тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру шеңберінде ғана рұқсат етіледі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253; 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы