Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

     Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің", "АІЖК-інде" деген сөздер тиісінше "АПК-нің", "АПК-де" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

     Сот практикасын қорыту нәтижелері бойынша шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы құқық нормаларын біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етті:

Соттар көрсетілген санаттағы істерді қараған кезде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгенін және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК), "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК), "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңының (бұдан әрі - Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заң), басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қамтитынын ескергені жөн.

      Сонымен қатар соттар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны (Кишинев, 2008 жылғы 14 қараша), Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы шартты (Мәскеу, 1998 жылғы 28 сәуір) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да халықаралық шарттарды басшылыққа алуы қажет.

     Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

"Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адам шетелдік болып танылады. Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адам азаматтығы жоқ адам болып танылады (2-бап).

     Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының 10-бабының 3-тармағында төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс деп белгіленген. Аталған Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

     Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Әкімшілік жолмен кетіру және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберу мазмұны бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны немесе заңнаманы бұзғаны үшін сот қаулысының (шешімінің) негізінде жүзеге асырылатын, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберуді немесе уәкілетті органдардың бақылау жасай отырып, олардың өз бетімен өтіп кетуін білдіреді.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы істерді қараған кезде ӘҚБтК-нің нормаларын іске асыру тәртібімен қолданылатын әкімшілік жолмен кетірудің және АПК-де көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын шығарып жіберудің аражігін ажыратуы қажет.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру ӘҚБтК-нің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша берілетін негізгі немесе қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

     Шығарып жіберуді қолдануға:

      шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы (ӘҚБтК-нің 109-бабы);

      қоғамдық орындарда тиісу (ӘҚБтК-нің 449-бабының үшінші бөлігі);

      діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзуы (ӘҚБтК-нің 490-бабының үшінші бөлігі;

      жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беруі (ӘҚБтК-нің 495-бабының екінші бөлігі);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзуы (ӘҚБтК-нің 513-бабының екінші бөлігі);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзуы (ӘҚБтК-нің 514-бабының екінші бөлігі);

      шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (ӘҚБтК-нің 517-бабы);

      Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тартуы, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы (ӘҚБтК-нің 519-бабының төртінші бөлігі);

      Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау (ӘҚБтК-нің 516-бабының екінші бөлігі) негіз болып табылады.

     Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын алған күні қаралады.

      ӘҚБтК-нің 51-бабының екінші бөлігіне сәйкес, егер әкiмшілік iс жүргiзу барысында әкiмшілiк жолмен кетiрілуі мүмкiн адам, өзiне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі – ҚК) сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда iстi қарау Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.

     Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен кетіруге әкеп соқтыратын істі қарау кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адам міндетті түрде қатысуы тиіс.

Әкімшілік жолмен кетіру туралы шешімде көрсетілген ақылға қонымды мерзім ішінде аталған адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс (ӘҚБтК-нің 822-бабының 2-бөлігі).

     Соттар ақылға қонымды мерзім деп шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өзіне қатысты қабылданған шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін белгіленген әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікті ескере отырып, қаулыны орындау үшін жеткілікті мерзімді түсінуі керек.

     Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

ӘҚБтК-нің 51-бабының 1-бөлігі, оның ережелерінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртіппен қолданылатын шығарып жіберу жағдайында қолданылмайтынын айқындайды.

      ӘҚБтК-нің 8-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары тек қана ӘҚБтК-мен анықталады. ӘҚБтК-інде белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына тартылуға тиiс емес.

     Көрсетілген құқықтық нормалардан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның санкциялар ішінде әкімшілік жолмен кетіру көзделетін әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудан көрінетін заңнаманы бұзу адамды азаматтық процестік тәртібімен шығарып жіберу негіздерінің қатарынан алынып тасталатыны туындайды.

     Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы ішкі істер органдарының өтініші бойынша істерді қарау ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады (АПК-нің 49-тарауы).

     Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың болған (нақты болған) және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді (АПК-нің 382-бабы).

      АПК-нің 54-бабының үшінші бөлігінің сәйкес аталған адамдарды шығарып жіберу туралы өтінішті прокурор да беруі мүмкін.

     Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

АПК-нің 383-бабының талаптарына байланысты шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы өтініште Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын мән-жайлар жазылуы тиіс.

     Шығарып жіберу туралы өтінішке аталған адамдардың заңнаманы бұзу фактілерін жасағанын растайтын құжаттар қоса беріледі, оған мемлекеттік органдардың құқықтық актілері, соның ішінде сот шешімдері, қаулылары, үкімдері жатады.

     Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Азаматтық іс жүргізу тәртібімен шығарып жіберу туралы шешім шығару кезінде соттар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жасаған құқық бұзушылығын ескеруі қажет.

     Соттар ӘҚБтК-нің және ҚК-нің әкімшілік жазаны алып тастау мерзімі, соттылықты жою және алу салдарлары туралы тиісті нормаларды басшылыққа алуы керек. Адам сот қаулысы орындалған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелмейдi (ӘҚБтК-нің 61-бабы). Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды (ҚК-нің 79-бабының 9-бөлігі).

     Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

 Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті сот іс қозғалған сәттен бастап он күн ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сот отырысына келмеуі, оған қатысты хабарланғаны жөнінде мәліметтер болмаса, істі қарауды кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады (АПК-нің 196-бабының  екінші бөлігі).

      Осы адамдардың нақты болған жері белгісіз болса және оларды шығарып жіберу туралы өтінішті заңда белгіленген мерзімде қарау мүмкін болмаса, сот іздестіру жариялауға міндетті (АПК-нің 133-бабының екінші бөлігі), сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға құқылы (АПК-нің 273-бабының 8) тармақшасы).

     Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Шығарып жіберу үшін соттың белгілейтін мерзімдері ақылға қонымды болуы тиіс.

     Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс мерзімді анықтаған кезде шығарып жіберу рәсімдерін қаржыландыру ерекшеліктері ескерілуі қажет.

      АПК-нің 384-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот шығындарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығындарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына оларды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

     Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу үшін негіз болып табылады (АПК-нің 385-бабы).

     Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

АПК-нің 401-бабының талаптарына байланысты шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым және жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды, бірақ кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      Шағым жасаудың апелляциялық тәртібін сақтамай қайта қарау мүмкіндігі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енген) 13-бабының ережелеріне байланысты екенін ескерген жөн.

     Соттарға шығарып жіберу туралы шешімді қабылдаған кезде шешімнің қарар бөлігінде сот актісіне кассациялық тәртіппен шағым жасау құқығын көрсету қажеттілігі түсіндірілсін.

      Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды қанағаттандырудан бас тартқан шешім АПК-нің 240-бабының қағидалары бойынша заңды күшіне енеді және оған АПК-нің 403-бабының қағидаларында көзделген тәртіппен апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Шығарып жіберу үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей шағым немесе наразылық түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешімі кассациялық саты шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұруға тиіс (АПК-нің 386-бабы). Мұндай жағдайда жеке сот актісін шығару талап етілмейді. Соттың шығарып жіберу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылған кезде кассациялық сатының қаулысында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тиіс жаңа мерзім көрсетіледі.

     Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасы

     Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

     Қазақстан Республикасы

     Жоғарғы Сотының судьясы,

     жалпы отырыс хатшысы

Д. Нұралин

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының       Террористік қылмыстарды, сондай-ақ салдарынан Қазақстан Республи...

Толық оқу »

50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мемлекеттің сотталған а...

Толық оқу »

46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі Адамдарды қоғамнан уақытша...

Толық оқу »

19-бап. Адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, Қазақстан Республикасы таныған босқындарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды қайтару Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

19-бап. Адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, Қазақстан Республикасы таныған босқындарды және Қазақстан...

Толық оқу »

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың...

Толық оқу »

11-бап. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

11-бап. Азаматтығы жоқ адамның куәлігіЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығ...

Толық оқу »

109-бапқа түсініктеме. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімді ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыруы

109-бапқа түсініктеме. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімді ұсынған саяси партиял...

Толық оқу »

19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері Азаматтықты тоқтату 3-тарау Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері Азаматтықты тоқтату 3-тарау Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының азаматтығы:       1) Қазақс...

Толық оқу »

Азаматтығы жоқ шетел азаматтарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы даулар

Азаматтығы жоқ шетел азаматтарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы даулар"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды облысының полиция депар...

Толық оқу »

20-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтару Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

20-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтаруАдам саудасына қарсы іс-қимыл тур...

Толық оқу »

46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан босату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау...

Толық оқу »

460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдард...

Толық оқу »

693-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

693-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың...

Толық оқу »

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу🟩 ҚР ҚК 51-бабы. Қазақстан Республикасынан шетелдікті немесе азаматтығы жоқ а...

Толық оқу »

517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республ...

Толық оқу »

49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер Халықтың көші-қоны туралы Заңы

49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздерХалықтың көші-қоны...

Толық оқу »

39-1-бап. Мемлекеттік наградалармен наградталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың наградталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл наградаларды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

      39-1-бап. Мемлекеттік наградалармен наградталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың наградталуы туралы құжаттары...

Толық оқу »

29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Мемлекеттік құпиялар туралы За...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралыСот практикасын қорыту нәтижелері бойынша...

Толық оқу »

10-бап. Азаматтық алу негіздері  Қазақстан Республикасы азаматтығын алу 2-тарау Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

10-бап. Азаматтық алу негіздері Қазақстан Республикасы азаматтығын алу 2-тарау Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының азаматтығы:   ...

Толық оқу »

14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы  Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының аумағында...

Толық оқу »

460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы турал...

Толық оқу »

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекетті...

Толық оқу »

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Шетелдіктер...

Толық оқу »

37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Корпоративіші...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңШетелдікті нем...

Толық оқу »

117-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шет мемлекеттерден, ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан сайланбалы мемлекеттік лауазымға кандидаттың не саяси партияның қайырмалдықтар қабылдауы

117-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шет мемлекеттерден, ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан сайл...

Толық оқу »

34-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

34-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі     ...

Толық оқу »

22-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

22-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi Халықтың радиациялық қа...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттеріЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      1. Қазақс...

Толық оқу »

27-бап. Асырап алынған жағдайда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

27-бап. Асырап алынған жағдайда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының       Шетелдіктер асырап алған, Қазақста...

Толық оқу »

55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы

55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтарыДене шынықтыру және спорт туралы Заңы...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасыСот практикасын жалпылау нәтижелері бойынша шетелд...

Толық оқу »

9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы       1...

Толық оқу »

518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкімші...

Толық оқу »

74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Р...

Толық оқу »