5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу ауданы, олардың құрылысы және құрылысын болғызбау туралы шешімдер қабылдайды;
3) ядролық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы шешім қабылдайды;
4) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 5) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекітеді;
7) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-1) келтірілген ядролық нұқсан ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінен асып түсетін бөлігінде, келтірілген ядролық нұқсан толық өтелгенге дейінгі қажетті соманы беру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда келтірілген ядролық нұқсанды өтеу үшін ақша төлеуді қамтамасыз етеді;
8-2) осы Заңның 26-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен радиациялық қауіптілігі бірінші санаттағы ядролық қондырғы операторының азаматтық-құқықтық жауаптылық шегін айқындайды;
8-3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын АЭС жобаларын қаржыландыру үшін АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит желісі нысанында бюджеттік кредит берудің ерекше тәртібі мен арнаулы талаптарын айқындайды.
9) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 №
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V ҚРЗ.
Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау