Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 

      1. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін (бұдан әрі – жосықсыз қатысушылардың тізілімі) уәкілетті орган қалыптастырады.

      2. Жосықсыз қатысушылардың тізілімі тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілерінің немесе өнім берушілерінің тізбесін білдіреді, оған:

      1) сатып алу процесінде анық емес ақпарат беру;

      2) сатып алу жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы немесе бас тартуы;

      3) өнім берушінің тауарларды беру, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау бөлігінде сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындауы жағдайларын қоспағанда, тендер тәсілімен өткізілген сатып алулар бойынша сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта белгіленген мерзімде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің соңғы мерзімі өткенге дейін енгізбеу;

      4) сатып алу туралы шарттың орындалмау немесе тиісінше орындалмау фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот шешімінің (қаулысының) болуы негізінде енгізіледі.

      3. Жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шешімінің;

      2) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда заңды күшіне енген сот шешімінің (қаулысының) негізінде қалыптастырылады.

      4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіз бойынша жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер оларды сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай бойы сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осындай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сот шешімі (қаулысы) заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуға жосықсыз қатысушыларының тізіліміне немесе Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер және (немесе) өнім берушілер АЭС ұлттық операторының сатып алуына қатысуға жіберілмейді.

      6. Жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығаруға мыналар негіз болады:

      1) осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзімдердің аяқталуы;

      2) әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

      3) әлеуетті өнім берушінің оны жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы жолданымын келісім комиссиясының қарау қорытындысы бойынша қабылданған уәкілетті органның шешімі.

      Келісім комиссиясының ережесі мен жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      7. Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V ҚРЗ. 

 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ 

Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау