Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

   3. АЭС ұлттық операторының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде АЭС ұлттық операторына тиесілі заңды тұлғалардың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      Әкімшілік, шаруашылық, кеңселік, көліктік және өзге де жалпы мақсаттағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V ҚРЗ.  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ 

Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау