Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-8-бап. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-8-бап. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-8-бап. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 

      1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуі кезінде:

      1) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына сәйкес құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде алуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік алуға;

      3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      4) регистрограмманы, осциллограмманы, техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының жазбаларын, жедел журналдардан үзінді-көшірмелерді, түсініктеме жазбаларды, схемаларды, сызбаларды, фото-, аудио- және бейнематериалдарды, сауалнама парақтарын және мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жататын басқа да материалдарды пайдалануға;

      5) түсініктеме алу үшін бақылау мен қадағалау субъектісін шақыртуға;

      6) ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын, сондай-ақ лауазымды адамдарын тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінуге және олар туралы істерді сот қараған кезде қатысуға құқығы бар.

      2. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік деңгейін төмендетуге алып келетін, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жатпайтын талаптарды қоюына және өтініштермен жүгінуіне тыйым салынады.

      3. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды осы Заңда белгіленген тәртіп негізінде және соған қатаң сәйкестікте жүргізуге;

      3) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу кезеңінде бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеуге;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде жүзеге асыруға;

      5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті өкілінің қатысуына, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруіне кедергі келтірмеуге;

      6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;

      7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны, тексеру нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс етуге;

      8) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V ҚРЗ. 

Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттама жасау туралы

Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қос...

Толық оқу »

4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа ре...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік...

Толық оқу »

7-1-бап. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеруді жүзеге асыру тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-1-бап. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеруді жүзеге асыру тәртібі...

Толық оқу »

7-5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-...

Толық оқу »

7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.Бақылау және қадағалау органы мемлеке...

Толық оқу »

9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға...

Толық оқу »

7-9-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-9-бап.Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Атом...

Толық оқу »

12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу және салу ауданы туралы шешімді а...

Толық оқу »

12-2-бап. АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит берудің ерекшеліктері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

12-2-бап. АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит берудің ерекшеліктері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит желісі нысанында бюджет...

Толық оқу »

22-бап. Қондырғыларды пайдаланудан шығару, ядролық немесе радиациялық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және көму пункттерін жабу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

22-бап. Қондырғыларды пайдаланудан шығару, ядролық немесе радиациялық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және көму пункттерін жабу Атом энергиясын пайдалану турал...

Толық оқу »

18-бап. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметті жүзеге асыру Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

18-бап. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметті жүзеге асыру Атом энергиясын...

Толық оқу »

26-4-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шарты Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

26-4-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шарты Ат...

Толық оқу »

26-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

26-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу Атом энергиясы...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану с...

Толық оқу »

14-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерiн мемлекеттік есепке алу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

14-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерiн мемлекеттік есепке алу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену...

Толық оқу »

6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.А...

Толық оқу »

8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жү...

Толық оқу »