Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 

      1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) мынадай негіздерде жүргізіледі:

      1)  адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт адамдардың кең тобына қатысты болған және бұзушылыққа жол берген нақты тұлғаны (нақты тұлғаларды) анықтау талап етілетін жағдайларда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;

      2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке байланысты, олардың алдындағы мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, бұзушылықтардың сипатын анықтау, салдарын жою және осындай бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды айқындау қажеттілігі туындайтын авариялар мен оқыс оқиғалар туралы ақпарат.

      2. Тергеп-тексеруді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары осы Заңға және атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.

      3. Тергеп-тексеруге қажет болған жағдайда атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымының мамандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары, атом энергиясын пайдалану саласындағы халықаралық сарапшылар тартылады.

      Тартылған сарапшылар мен мамандардың қорытындылары тексеру нәтижелері бойынша материалдарға міндетті түрде қоса тіркеледі.

      4. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде:

      1) бақылау және қадағалау органының лауазымды адамына немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға болуы туралы талап бақылау мен қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнайы киім мен жеке қорғану құралдарын беруді;

      2) тергеп-тексеруге қатысты, оның ішінде мұрағаттық құжаттарды және (немесе) материалдарды, жазбаша және (немесе) ауызша нысанда түсініктемелерді ұсынуды;

      3) зерттеп қарауды, қарап тексеруді жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндікті;

      4) бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (әкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.

      6. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері де көрсетіледі.

      Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады және ол табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.

      Бақылау мен қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      7. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығыны қажет болған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі өзіне тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен бақылау және қадағалау органына жүгінуге құқылы.

      8. Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған жағдайда адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

      9. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілген жағдайда немесе оларды жою мерзімдері өткеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      10. Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібінің сақталмауы тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тануға және (немесе) олардың күшін жоюға негіз болады.

      11. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары, мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.

      12. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге шағым жасау актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V ҚРЗ. 

Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттама жасау туралы

Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қос...

Толық оқу »

4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа ре...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік...

Толық оқу »

7-1-бап. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеруді жүзеге асыру тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-1-бап. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеруді жүзеге асыру тәртібі...

Толық оқу »

7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.Бақылау және қадағалау органы мемлеке...

Толық оқу »

9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға...

Толық оқу »

7-8-бап. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-8-бап. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.Бақылау және қадағалау органының лауазымды ада...

Толық оқу »

7-9-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-9-бап.Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Атом...

Толық оқу »

12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу және салу ауданы туралы шешімді а...

Толық оқу »

12-2-бап. АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит берудің ерекшеліктері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

12-2-бап. АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит берудің ерекшеліктері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит желісі нысанында бюджет...

Толық оқу »

22-бап. Қондырғыларды пайдаланудан шығару, ядролық немесе радиациялық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және көму пункттерін жабу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

22-бап. Қондырғыларды пайдаланудан шығару, ядролық немесе радиациялық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және көму пункттерін жабу Атом энергиясын пайдалану турал...

Толық оқу »

18-бап. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметті жүзеге асыру Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

18-бап. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметті жүзеге асыру Атом энергиясын...

Толық оқу »

26-4-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шарты Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

26-4-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шарты Ат...

Толық оқу »

26-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

26-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу Атом энергиясы...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану с...

Толық оқу »

14-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерiн мемлекеттік есепке алу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

14-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерiн мемлекеттік есепке алу Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену...

Толық оқу »

6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1.А...

Толық оқу »

8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жү...

Толық оқу »